1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16025) 16 маусым, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 маусым 2015
Үйренерiмiз әлi көп

ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ

Алматы, Орталық стадион.
Гол: Арда Тұран 83-минутта (0:1).
Ескерту алғандар: Шмидтгаль 77-минутта, Абдулин – 88, Шомко – 90.
Қазақстан құрамасы: Покатилов, Малый, Гурман (Тағыберген – 78) Абдулин, Смақов (Бейсебеков – 67), Логвиненко, Қонысбаев, Исламхан (Көкеев – 85), Шмидтгаль, Шомко, Хижниченко.
Түркия құрамасы: Бабажан, Кайя (Ташдемир – 75), Балта, Азиз, Генюл, Туфан (Бұлт – 64), Чадханоглу, Инан, Тұран, Топал (Шен – 46), Йылмаз.
 
Келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатының финалдық ойынына iрiктеу кезеңiндегi кезектi матчын Алматыда өткiзген елiмiздiң ұлттық құрамасы Түркия ұлттық құрамасынан 0:1 есебiмен ұтылды. Еуропа құрлығының чемпионатына iрiктеу аясында өт­кiзген алты ойында бiз бесiншi рет ұтылдық. Тек латыштармен ғана итжығыс (1:1) түскендiгiмiз үшiн алған 1 ұпайымыз бар.
12 маусымда Алматының Орталық стадионында өткен ойын турасында айтпас бұрын жанкүйерлердiң футболшыларды жани жiгерлендi­ргенiне алғыс бiлдiрген жөн. Орталық стадион лық толып, көзiң түсер бос орын болған жоқ. Қазақ футболына деген жанкүйерлердiң ықыласы арт­қанына қуандық.
“Бұған дейiн Түркия құрамасынан 0:6 есебiмен ұтыл­ған, 0:4 нәтижесiмен есе жiберген, 0:3 болып та жығыл­ған кезiмiз болды ғой 0:1 есебiмен жеңiлудi тең түскендей көруiмiз керек” дей­тiндер де бар. Түрiктерге қарсы алты рет қарсы тар­тыс­қа түстiк. Өз алаңымызда оларды үшiншi рет қабылдап, “үрiккен допты” қанша үйiр­гiмiз келгенiмен, олардың қақпасына тағы да маңайлата алғамыз жоқ.
Рас, бiздiң футболдың дәл мұндай ортаға үйрен­бегендiгi, Еуропада еңiстен салса, төске озып жүрген жампоздардың шеберлiгiмен шендесе алмайтыны көзге шыққан сүйелдей ерекше байқалып тұрды. Аспандап та, жер бауырлап та   алдына келген допты қақпақылдауға ұмтылған футболшыларымыздың демнiң арасында демiгiп қалатыны олардың физикалық әлсiздiгiн айқындап бердi. Гол соғатын мүмкiн­дiктер болды деймiз. Бiрақ сол мүмкiндiктi тудыратын футболшы емес пе! Бауыржан Исламхан доп қайда болса сонда барумен-ақ қалжырап, ақырында бас бапкерден сұранып, орнына өзге футболшыны шығарды. Алаң­ға капитандық мiндеттi арқалап шыққан Самат Смақов “сүйегiн сүйретiп” барын сала ойнады. Жарақатына байланысты ол да ақырғы секундтарға дейiн шыдас бере алмай орнына өзге футболшы қосылды.
Түркия футболының Арда Тұраны тегеурiндiлiгiн танытып, 83-минутта есеп ашып, әрiптестерiне үш ұпай алып бердi.
Бiздiң жiгiттер Еуропа чемпионатының финалына iрiктеу аясындағы келесi ойынын 3 қыркүйекте Чехия құрамасына қарсы өткiзедi.
 
СIЗ НЕ ДЕЙСIЗ? 
Фатих Терiм, Түркия ұлттық құрамасының бас бапкерi: ТАБЫС ТIЛЕЙМIН
– Еуропа чемпионатының финалдық ойынын iрiктеу аясында өткiзген бiрнеше матчта ұпайдан қағылдық. Бiз тек Алматыға жеңiске жетудi ғана ойлап келдiк. 0:1 есебi менiң таңданысымды туғызған жоқ. Қазақстан құрамасы қорғаныстың қамын көбiрек ойлайтынын алдын ала бiлгенбiз. Бiзге үш ұпай маңызды болды, жоспар орындалды. Ендi қалған матчтарда қалайда ұпайды молайтуды көздеуiмiз керек.
Қазақстанмен әрiптестiк байланысты нығайту мақсатында Түркия футболының басында отырғандарға хат та жаздым. Келешекте қарым-қатынасымыз бұдан әрi де берiктене түседi деп сенемiн. Қазақстан ұлттық құрамасының жiгiттерiне де iрiктеудiң қалған ойындарында сәттiлiкке жетуiне тiлеулеспiн. Күзде Голландияға қарсы ойында да осындай табандылықпен төтеп беруiн тiлеймiн.
 
Юрий Красножан, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерi: ҚОЛЫМЫЗДАН КЕЛГЕНI ОСЫ
– Табандылықпен тапжылмай қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымызды айтқым келедi. Бұл ойын кем тұсымызды тағы бiр айғақтап алуға септiгiн тигiздi. Алыстан қақпаға соққы бағыттау шаруасына келгенде шатқаяқтап қалатынымыз рас. Бiздiң үйре­нерiмiз әлi көп. Ойыншыларымыздың физикалық әлеуетiнiң әл­сiздiгiн де байқадыңыздар. 
  
 
ҚАҚПАҒА БАС СҰҚҚАНЫ ҮШIН
Алматының Орталық стадионында өткен Қазақстан – Түркия матчы түгесiлуге таяғанда көк туымызды желбiретiп жүрген (кемiр­гiштiң кейпiндегi киiм киген) жан­күйер алаңды көктей өтiп, Түркия құрамасының қақпасына бiр-ақ жеттi. Сiрә, бiздiң футболшылардың көзiне шұқып, қақпаның осы арада екенiн ұқтырғысы келсе керек. Жанкүйердiң тентектiгiн тез арада тезге салмаққа бекiнген тәртiп сақшылары оның қолын қайы­рып, стадионнан алып кеттi. Ендi оның осы әрекетi үшiн бұзақылық бабы бойынша қылмыстық iс қозғалып, тiптi бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкiн деп жазды. Ғаламторда талқыға түскен жанкүйердiң әрекетiне ұқсас жайт бұған дейiн де орын алған-ды. 2009 жылы әлем чемпионатының финалдық ойынына iрiктеу аясында Алматыда елiмiздiң құрамасы Англия ұлттық құрамасына қарсы ойнап, ұтылған болатын. Сол матчтың екiншi таймында да жанкүйер ұшқан шыбын өткiзбеуге бұйрық алған күштiк құрылымдардың құрсауынын сытылып шығып, Англия құрамасының қақпасына бiр-ақ енген болатын. Арада алты жыл өткенде әлгi оқиға тағы да қайталанды. Футболшылардың намысын оятудың өзгеше әрекетiн жасаған жанкүйерлердi жазаға тартумен шектелмей, “жалғыз-жаяудан” қалғып кетiп көз жазып қалған тәртiп сақшыларын да сiлкiп-сiлкiп алған жөн-ау. Әйтпесе мұндай келеңсiз­дiкке әлi талай куә болуымыз мүмкiн.
Н.Тұқатұлы,
Алматы қаласы.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар