1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16019) 26 мамыр, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 мамыр 2015
Кiтаптың тұсауы шығыста кесiлдi

Белгiлi спорт қалам­герi Несiп Жүнiсбай­ұлының “Золотой Олимпийский маршрут” кi­табының тұсаукесерi Өскеменде өттi

Лондон Олимпиадасы Қазақ спортының жылнамасына алтын әрiптермен жазылып қалмақ. Спорт саңлақтарының жазғы Олимпиада ойындарынан 7 алтын медаль олжалауы шынында да ғажап! Мiне, Лондон Олимпиадасы жайлы жазылған Несiптiң шежiре-жинағы “Золотой Олимпийский маршрут” кiтабы   фактiлердiң молдығымен де ерекше. Өзi түсiрген мыңнан астам суреттi iрiктеп, шығармасына кiрпiш қалағандай рет-ретiмен енгiзгенi ұтымды шығыпты.
Облыс әкiмi Даниал Ахметов жақында облыс спортшыларымен кездесу өткiздi. Оған қарымды қаламгер Несiп Жүнiс­байұлы, елiмiздiң ұлттық олимпиада комитетiнiң вице-президентi Анатөлi Күлназаров, атақты спорт­шылар мен бапкерлер, аудан, қала әкiмдерi қатысты. Актив жиыны басталмас бұрын Металлургтер мәдениет са­райы­ның кең фойесiнде Не­сiптiң “Золотой Олимпийский маршрут” кi­табының тұсаукесерi өттi. Оған Семей қаласының әкiмi Айбек Кәрiмов, Үржар ауданының әкiмi Серiк Зайнулдин, атақты балуандар Шалқар Жоламанов, Расул Қалиев, бапкер Жанәдiл Атаев, Ұлт­тық олимпиада ко­мите­тiнiң вице-прези­дентi Анатөлi Күлназаров қатысып, кiтап жайлы пiкiр­лерiн ортаға салды.
– Несiптi ұзақ жылдан бiлемiн. Бұл – “Золотой Олимпийский маршрут” айдарымен шыққан төр­тiншi кiтабы, яғни төр­тiншi томы деген дұрыс. Қазiргi қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдағаңның шә­кiртi Несiптiң қаламынан алдағы уақытта да тың туындылар туа бередi деп сенiп, шығармашылық табыс тiлеймiз, – дедi А.Құлназаров. Автор кездесу барысында Лондон және Сочи Олимпиадасы жайлы айта келiп, келер жылы Бразилияда өтетiн жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандықтардың жетiстiгi бұ­дан да көп болады деп сенiм бiлдiрдi. Соңыра талантты спорт жур­налисi қолтаңбасын жазып, қатысушыларға 200 кiтапты тегiн таратты.
Оңдасын Елубай,
Өскемен қаласы,
Сурет автордiкi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар