1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16019) 26 мамыр, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 мамыр 2015
Оларда он-ақ футболшы

Жексенбiде футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 13-тур ойындары өттi. Алты қалада өт­кен матч голға сараң бол­ған жоқ. Ең алдымен “Астананың” “Шахтердi” қалай шайқағаны жөнiнде. Үш мың жанкүйердiң алдында кен­шiлердiң клубы дәр­мен­сiздiк танытып, Нөсербаев – 11, Твумаси – 14, Жолшиев – 72, Щеткин 90-минуттарда қанжығаларын майлап, 4:0 есебiмен астаналықтар жеңiске жеттi.

Биылғы премьер-лигада “Шахтердiң” шатқаяқтауы бiрiншi рет емес. Чемпионат басталғалы тек бiр ойында ғана жеңiске жетiп, екi матчта тең түсiп, он ойында ұтылған қарағандылық клуб қазiр турнир кестесiнiң соңғы сатысында тырнақ ұшымен iлiнiп тұр.
Дмитрий Черышевтiң “Ертiстiң” бас бапкерлiгiнен кеткенiне де екi аптадан асып кеттi. Бас бапкердiң жоқтығына қарамастан павлодарлықтар мiнез көрсе­тiп, өз алаңында қызылордалық “Қайсарды” 4:2 нә­тижесiмен тоқтатты. Бiрiншi таймда Дудченко 25, 32-минуттарда гол соқса, Кислицин 41-минутта нәтиженi еселеп бердi. Жеңiске ерте бусанып қойды ма, алаң иелерi екiншi таймда арқаны кеңге салғандай көрiндi. Оңтайлы сәттi ұтымды пайдаланған Юнузович 49-минутта есеп айырмасын қысқартқан. Дудченко 62-минутта үшiншi голын тоғытып, есептi 4:1-ге жеткiзсе, Хунт төрешiнiң негiзгi уақытқа қосқан қосымша 2 минут iшiнде гол соғып үлгердi.  
Талдықорғанда “Жетiсу” алматылық “Қайратқа” есе жiбердi. Исламхан – 17, Гоу – 83, Көкеев 89-минуттарда гол соқса, алаң иелерi еш қарымта қайтара алмады.
Көкшетауда “Оқжетпес” 10 футболшымен-ақ “Тобылды” тұсады. Бұл матчқа қарағандылық Кучин төрелiк еткен. “Оқжетпес­тiң” қорғаушысы Мангуткиндi ереже бұзғаны үшiн 11-минутта алаңнан қуып жiбердi. Бiр қорғаушының кемдiгiне қарамастан көкшелiктер бiр ойыншының кемдiгiн бiлдiр­ген жоқ. Негiзгi уақытта тең түсiп, төрешi қосқан қосымша уақытта (90+1-минутта) Роткович пенальтиден гол соғып, маңызды үш ұпайды әрiптестерiне алып бердi.
“Ақтөбе” өз алаңында “Таразды” 3:1 есебiмен же­ңiп, елiне қайтарды. Ұлт­тық құраманың бас бапкерi Юрий Красножан арнайы тамашалаған матчта Айымбетов 19-минутта есеп ашып, ақтөбелiктер бiрiншi тайымда басымдықпен ойнаған.   Д.Евстигнеев 64-минутта таразы басын теңес­тiргенiмен, Тағыберген – 67, Дмитриенко 87-минуттарда гол соғып, командасын алға сүйредi. “Ақтөбе” биылғы премьер-лиганың 6-турынан берi жеңiстiң жалауын жықпай, қатарынан сегiз турда жеңiске жеттi.
“Атырау” мен “Ордабасы” “Мұнайшы” стадионында ойнап, 1:1 есебiн қанағат тұтты. Трайковичтiң 74-минутта соққан голы шымкент­тiктерге үш ұпай ұстататын едi. Симчевич 90-минутта өз қақпасына автогол соғып алмағанда.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар