1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (16016) 15 мамыр, жұма 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
15 мамыр 2015
Қазбек Әшiм: Тойдан гөрi тартысты ойлау керек едi

Аралас жекпе-жектен Қытайда өткен турнирде Қазбек Әшiм өзiнiң KUNLUN FIGHT (Қытайдағы беделдi тұжырым) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуiн қорғап айқасқа түскен. Өкiнiшке қарай, қытайлық Жаң Ми Хуан жерлесiмiзден күшi басым болды. “Бұл жеңiлiске әрненi сылтау етiп ақталғым келмейдi. Күшiмнiң жетпей, әлсiрегенiмдi жасырмаймын. Жаттығуда өзiмдi-өзiм қамшылаудың орнына жеңiлдiк жасағаныма қатты опындым” дейдi Қазбек.

– Сенiң чемпиондық бел­беуiңдi қанжығасына бөк­терiп кеткен қытайлық спортшы кiм? 
– Қарсыласым – өте әккi спортшы. Қытайда жекпе-жек спортында RUFF деген тұжырым өте бе­делдi. Қазiр бұл тұжырым тоқтап тұр. Қарсыласым осы RUFF тұжырымының чемпионы екен. Кез келген спортшы миллиардтан аса хал­қы бар мемлекетте чемпион атанбайды ғой.
– Қытайда өткен айқасқа сенi   KUNLUN FIGHT тұжырымының президентi Тони Чен арнайы шақыртты ғой?
– Иә, 4 сәуiрде Алматыдағы са­йыста мен кореялық Джонг Вонсокты гильотина (қылғындыру әдiсi) арқылы ұтып, осы тұжырым бойынша чемпион атандым. Тони Чен осы айқастан кейiн менi 26 сәуiрде Қытайда болатын додадан көргiсi келетiнiн айтты. Бiз келiсiм бердiк.
– Чемпиондық атаққа қол жеткiзгеннен кейiн бiр ай толмастан екiншi қайтара айқасқа түсу қиынға соқпады ма?
– Бұл жолғы жеңiлiсiме өзге емес, өзiм айыптымын. Өйткенi Алматыда қол жеткiзген табысымды ұзақтау мерекелеп қойған секiл­дiмiн. Туыс-туған, дос-бауыр, ағайынның қошеметiне көмiлiп, жаттығудан қол үзiңкiреп қалдым. Қытайға жүрерде бабымда еке­нiме күмән болған жоқ. Тек жарыс­қа шығарда ғана бiр қайнаудың кем екенiн сезiндiм. Өйткенi екiншi раундта әлсiреп қалдым. Қытай үшiншi раундта үш бұрыш әдiсiн қолданып, жеңiп кеттi.
– Өзiңдi жақын бiлетiндер “Қазбектiң басты қаруы – гильотина” дейдi. Қытайлық спорт­шыға осы әдiстi қолдануға мүмкiндiк тумады ма?
– Қарсыласым ғаламтордан менiң айқастарымды көрiп, әбден дайындалған көрiнедi. Күреске бейiмдiлiгiмдi де есiнен шығармай белдеспей қойды. Бұл әдiс менiң – көзiрiм. Кейде жүзеге аспай, қарсыласың сусып шығып кетедi. Мына қытайға әдiстi қолданғым-ақ келдi. Бiрақ құрығымнан құтылып кетiп жүрдi.
– Тамыз айында дәл сол қытайға қарсы қарымта айқас болады.
– Алматыда ұйымдастырылатын додада есемдi қайтарамын! Бұл жеңiлiс үлкен сабақ болды. Кем тұсымды бiлдiм, қытайлық спортшыға қандай әдiс-тәсiл қолдану керек екенiн көкейге тоқып қойдым. Қолымен төпелеуден гөрi аяғы­мен көбiрек қимылдайды екен.
– Өзiң әзiрлiк жүргiзетiн “Әлем жауынгерлерi” (ALEM FIGHTERS) кәсiпқой спорт клубының Қытайда да бөлiмшесi бар. Осы жарысқа Қытайдағы қазақ спортшылары қатысты ма?
– “Әлем жауынгерлерi” клубының Қытайдағы бөлiмшесiнен Нұрлат деген жiгiт қатысып, К1 түрiнен жеңiмпаз атанды. Жарас деген спортшының да мерейi үстем болды.  
– Әскери салада қызмет етесiң. “Әлем жауынгерлерi” клубында аралас жекпе-жектен шәкiрт тәрбиелейтiн бап­керлiк қызметiң тағы бар. Са­йыстарға қатысуға әзiрлену­ге де аз уақыт кетпейдi. Мұның бәрiне қалай үлгересiң?
– Алматы облысы, Iле ауданына қарасты №77035 әскери бө­лiмiнде келiсiмшарт бойынша қызмет атқарып жүрмiн. Командирi­мiздiң спортқа деген көңiлi ала­бөтен. Менiң әрiбiр сайысқа алаңсыз әзiрленуiме әскери бөлiм командирiнiң қолдауы үлкен демеу болып жүр. Кешке қарай спортзалда шәкiрттерiмдi баулимын, өзiм де шеберлiгiмдi шыңдаймын.
– Жұмабек Тұрсын Қытайда аралас жекпе-жектiң серкесi атанып, әйгiлi UFC тұжырымында айқасуға мүмкiндiк алды. Жұмабектiң жолын қа­шан жалғастырамыз?    
– Осы күнде Қытайда тоқтап тұрған RUFF тұжырымында Жұмабекке қарсы келер қытай болған жоқ. Барлық айқасында айқын басымдықпен жеңiп, АҚШ-тың көзiне түстi. Қытайда қазiр RUFF тұжырымының орнын KUNLUN FIGHT тұжырымы басып, тiптi дақпырты жағынан жоғары тұр. Осы тұжырымда бiз де шеберлiгiмiздi көрсете алсақ, UFC-ге жол ашылатыны анық. Мендегi орындалуы тиiс үлкен арманның бiрi – осы додаға қатысу. Қатысып қана қоймай қазақ деген мұраты биiк елдiң абыройын асқақтату. Дәл қазiр менiң салмағымда (57 келi) UFC-дiң серкесi – америкалық Димитриес Джонсон. Осы бiр қара тапал чемпиондық атағын ешкiмге бермей келедi. Джонсонды жуасыту бiздiң қолымыздан келерiне сенi­мiм кәмiл. 
 
Сұхбаттасқан Нұрдан Көшек,
Алматы қаласы.  

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар