1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 мамыр 2015
Спорт ақпарат

ТҰҒЫРДА ТӨРТЕУI

Беларусь астанасында бокстан халықаралық турнир өттi. Кеңес одағының батыры Виктор Ливенцевтi еске түсiруге арналған турнирдiң алтын медалi Ержан Жомартқа (49 келi) бұйырды. Ержан финалда түркиялық боксшыны ұтты. Минск рингiнен Еркiн Мұхамеджан да (91 келi) чемпион атанып қайтты. Алтын медаль үшiн өткен сайыста өзбек спортшысы Ержанға қарсылық таныта алған жоқ.
Халықаралық турнирдiң қола жүлдесi Абылайхан Жүсiпов (64 келi) пен Шаймұрат Құсайыновқа (81 келi) бұйырды.
 
АЛЫПТЫҢ ЖОҚТЫҒЫ 
осындайда бiлiнедiБүкiләлемдiк бокс сериясының жартылай финалында “Астана арландары” ресейлiк «Russian Boxing Team» клубының боксшыларына қарсы тұрады. 23-24 мамыр күндерi Астанада өтетiн жартылай финалдық айқаста бас бапкер Марат Жақиев кiмдерге арқа сүйемек? Өзге салмақтарға қарағанда аса ауыр салмақ дәрежесiнде мәселе күрделi. Жарақатына байланысты Руслан Мырсатаев клубтан кеттi. Хорватиялық легионер Филипп Хргович биылғы маусымда көп еңбек сiңiрдi. Бүкiләлемдiк бокс сериясында жүрiп-ақ Рио-де-Жанейро Олимпиадасы жолдамасына иелiк еткен Хрговичтiң орнына бапкерлер бұл жолы Иван Дычконы жекпе-жекке қосуды жөн санапты. Бапкерлер кеңесi осыған тоқтаса, онда әлем чемпионатының һәм Лондон олимпиадасының жүлде­герi Иван Дычко ресейлiк клубқа қарсы ай­қаста рингке шығуы мүмкiн.
 
ҚЫЗДАР ТӘУIР КҮРЕСТI
Катардағы Азия чемпионатынан еркiн күрес балуандарына бiр ғана жүлде – алтын медаль бұйырды. Асықтай ұл Дәулет Ниязбеков қалың қазақтың үмiтiне селкеу түсiрмей, Доха кiлемiнен абыройы асқақтап қайт­ты. Өзге балуандарымыз медальға сынық сүйем қалғанда жығылды.
Еркiн күрес балуандарының көңiл көншiтпейтiн көрсеткiштерiне қарағанда қыздарымыз тәуiр белдестi.
69 келi салмақта Эльмира Сыздықова финалда қытайлық қарсыласынан аса алмай құрлық додасының күмiс жүлдесiн қанжығасына байлап қайтты.
Татьяна Аманжол (48 келi), Жұлдыз Эшимова (53 келi), Айым Әбiлдина (58 келi) Азия чемпионатының қола жүлдегерi атанды.  
 
БАЛУАНДАРДЫҢ ЖОЛЫ БОЛДЫ
Сурдобалуандарымыз есту қабiлетi төмен балуандар арасында Беларусь елiнiң ашық чемпионатына қатысып, жалпы командалық бiрiншi орынды ие­лендi.
Беларусьтiң Гродно қаласында ұйымдастырылған боз кiлем бәсекесiнде бiздiң балуандар қарсыластарын қирата жеңiптi.
Құрама команданың бас бап­керi Ерлан Мұқажанов: “Беларусь елiнiң ашық чемпионатына жетi салмақ бойынша балуан алып барған едiм. Соның төртеуi бiрiншi орынды, үшеуi екiншi орынды иелендi. Сөйтiп, командалық есепте бас жүлде бiзге бұйырды. Әсiресе, Елдос Күзербаев, Ғабит Игенбай, Әбдiрах­ман Оспанов, Шонку Қайратханның белдесулерi жақсы болды. Осы кезде шәкiрттерiм бабында жүр. Бұл ретте, кезiндегi грек-рим күресiнiң даңқты балуаны Дәулет Тұрлыхановқа айтар алғысымыз шексiз. Дәулет сурдо балуандардың Алматыдағы “Дос­тық” спорт кешенiнде алаңсыз жаттығуына жағдай жасап ке­ледi. Бiз бұл жеңiсiмiзге тоқ­мей­iлсуден аулақпыз. Балуандар осындай жарыстарда шыңдалып, тәжiрибе жинақтайды. Сол үшiн бiзге мүмкiндiк болса, сырт елдердегi бәсекелерден қалмауымыз керек. Әсiресе, грек-римде Ресей балуандары мықты. Алла бұйыртса, жақында Арменияда халықаралық турнир ұйымдастырылмақшы. Ендiгi кезекте бiз сол жарысқа тыңғылықты әзiрлiктi бастаймыз”, – дейдi.
 
 
Дайындаған Қуаныш Бажақ.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар