1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 мамыр 2015
Иран ғана лiкпедi

Катар астанасында күрес түрлерiнен Азия чемпионаты жалауын түсiрдi. 6-10 мамыр аралығында өткен құрлық додасында Таңат Сағындықов бас бапкерлiк ететiн грек-рим құрамасы толайым табыспен оралып, жалпыкомандалық есепте тек Иран елiнiң балуандарын ғана алға оздырды. Қытай бiзден төмен тұр.

Алыптың абыройымызды асырғанын мақтана айтайық. Нұрмахан Тiнәлиев Катардан алтын медальмен оралды. Финалда қытайлық Киан Мендi 3:2 нәтижесiмен еңсердi. Үндiстанда өткен Азия чем­пио­натында да Нұрмахан туын жықпай құрлықтағы қарсыластарының «белiн үзген».
Дохадан 98 келiде белдескен Марғұлан Әсембеков те құр қол қайтқан жоқ. бiрнеше жыл спорттан қол үзiп, ұзақ үзiлiстен кейiн кiлемге қайта оралған Марғұланға Азия чемпионатының қола жүлдесi бұйырды. Әсембековтiң қанжығасында Азия чемпионатының бiр емес екi бiрдей алтын медалi бар. Ол 2005 жылы Уханьда, 2006 жылы Алматыда Азия бiрiншiлiгiнiң жеңiмпазы атанған. Екi рет күмiс жүлде ие­лендi, екi рет қола жүлдегер атанды.
Биылғы Азия чемпионатының күмiс жүлдесi Мұхит Тұр­сыновқа (85 келi) бұйырды. Тұрсынов финалда өзбекстандық Рустам Ассакаловқа қарсы белдесуге түсiп, 4:4 нәтижесi­мен аяқтаған. Бiрақ төрешiлер өзбек балуаны белсендiлiк танытты деген болуы керек, Азия чемпионатының алтын медалiн көршiмiзге ұстатып жiбердi.
Таңат Сағындықов баптайтын грек-рим күресiнiң балуандары арасынан Демеу Жадыраев (66 келi) пен Жасұлан Қошанов (80 келi) та қола жүлдегер атанды. Демеу қола жүлде жолында өзбек балуанын айқын басымдықпен – 10:1 нәтижесiмен тулақша илесе, Жасұланға қарсы күреске үн­дiстандық спортшы жарақатын желеу етiп шыққан жоқ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар