1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16002) 27 наурыз, жұма 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 наурыз 2015
Спорт ақпарат

ЕРЛЕДI, ӨРЛЕДI

Қанат Ислам кәсiпқой бокс­тағы 19-жекпе-жегiнде жеңiске жеттi. Колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрадаға қарсы тұрған қандасымыз оны 4-раундта нокаутқа түсiрдi. WBA Fedelatin тұжырымының чемпиондық атағын қорғаған Қанат рейтингтегi көрсет­кiшiн де жақсартты. Бұған дейiн 81-сатыда тұрса, 79-сатыға өрледi.
Бұл айқас – қыран Қазақтың қой жылындағы алғашқы айқасы. Әуесқойлар арасында да олжа салып абыройын асқақтатқан Қанаттың кәсiпқой бокстағы толайым табыстары келешектiң еншiсiнде.   
Колумбияда Қанаттан өзге тағы бiр боксшымыз жекпе-жекке түстi. Жанқош Тұраров осы елдiң боксшысы Дунис Лианды 7-раунд­қа дейiн сабап сiлелеттi. Колумбиялықтың қауқары қалмағанына көзi жеткен төрешi айқасты тоқтатты. Жанқош та рейтингте бiрден 88 саты өрлеп, 124-орынға тұрақтады.
 
ЖЕҢЕМIЗ БЕ, ЖIГIТТЕР?!
Ертең “Астана Аренада” футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатының финалдық ойынына iрiктеу аясындағы кезектi матчын өткiзедi. Юрий Красножанның баптауындағы ұжым Исландия құрамасының тегеурiнiне төтеп беретiн болады. Хеймир Хадльгримссон баптайтын исландықтар “А” тобында 9 ұпаймен екiншi сатыда тұр. Бұлардың қарқыны қатты: бiз үнемi ойсырай ұтылатын түрiктердi, бiз итжығыс түсетiн латыштарды Исландия футболшылары 3:0 есебiмен iрей жеңгенi жадымызда. Еуропа чемпионатын қойып әлемдiк дода, жазғы Олимпиада ойындарында олжа салып жүрген Нидерланды құрамасын ықтырған (2:0 есебiмен жеңiп) да осы Хадльгримссонның нояндары.
Исландықтар Астанаға жерсiне берудi көздеп ертерек келiп, әзiрлiкке қызу кiрiсiп те кеттi. Әйгiлi “Миланда” ойнады деп мақтауын асырған Александр Меркель бiздiң құрамадағы жiгiттерге қол ұшын соза алмайтын болды. Швейцарияның “Грассхоппер” клубында ойнайтын Меркель жарақатынан айықпапты.
 
КҮМIС ҚАНА СЫҢҒЫРЛАЙДЫ
Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан гран-при сайысы өтiп, елiмiзден барған балуандар арасынан тек Дастан Ықыбаев күмiс жүлде олжалады. 73 келi салмақ дәрежесiнде гран-при жүлдесi үшiн белдескен жерлесiмiзге жеребе сәттi түсiп, додаға екiншi айналымнан қосылды. Ресейлiк Денис Ярцевтi, армян Давид Никогосянды жығып, ширек финалда әзiрбайжан балуаны Хусейн Рахимлидiң де жауырынын жер соқтырды. Жартылай финалда қалың гурзин тiлеуiн тiлеген Звиад Капанадзенi жеңiп, алтын медаль үшiн белдесуде әзiрбайжанның тағы бiр белдi спортшысы Рустам Оурджевке есе жiбердi.
Бүгiн Түркияның Самсун қаласында гран-при сайысы басталады. Айтулы додада ел намысын 15 спортшымыз қорғайды. 29 наурызда мәресiне жететiн сайыста Айбек Имашев, Сергей Лим, Елдос Жұмаханов, Ислам Бозбаев, Мариан Урдабаева, Гүлжан Исанова сынды саңлақтарымыз намыс туын төмендетпейдi деп сенемiз.
 
ДОДАҒА ӘЗIР
Ауыр атлетикадан жасөспiрiм­дер арасындағы әлем чемпионаты Перудiң Лима қаласында өтедi. 8-12 сәуiр аралығында ұйымдастырылатын әлемдiк күш сайысына қосылатын атлеттердiң есiмдерi белгiлi. Бапкерлер кеңесе келе 6 атлетке сенiм артқанды жөн санапты. Олардың арасында Азия чемпионатының жеңiмпазы мен жүлдегерлерi де бар.
“Шәкiрттерiмiздiң күйi де, әзiрлiгi де жаман емес. Жаттығу кезiнде өздерiнiң әлi жететiн зiлтемiрдi көтердi. Ендi осы көр­сеткiштi әлем чемпионатында қай­талай алса, тамаша болады. Елге құр қол қайтпайтынымызға сенiм­дiмiз”, – дейдi ауыр атлетикадан Олимпиадалық даярлау орталығының аға бапкерi Бақыт Ахметов.
 
ТАҒЫНА ҚАЙТА МIНДI
УЕФА-ның президентi Мишель Платини бiрауыздан үшiншi рет өз қызметiне қайта сайланды. “Алтын допты” үш рет иеленген Платини УЕФА-ның президентi деген дөй қызметтiң құлағын 2007 жылы ұстаған болатын. 2011 жылы екiншi рет сайланды, ендi мiне өзiнен өзге лайықты кандидаттың болмауына байланысты тағы да сайланып отыр.
Күнi кеше Венада өткен XXXIX конгресте УЕФА атқару комитетiнiң құрамы да сайланды. Анхель Мария Вильяр Льона (Испания), Григорий Суркис (Украина), Петер Жийерон (Швейцария), Давор Шукер (Хорватия), Фернанду Гомеш (Португалия), Шандор Чаньи (Венгрия), Борислав Михайлов (Болгария) атқару комитетiнiң мүшелiгiне өтсе, Ресей тарапынан бiрде-бiр маман комитеттiң құрамына қосылған жоқ. 60 жылдан берi атқару комитетiнiң құрамында бiр адамы жүретiн Ресей үшiн бұл абырой емес әрине. 2018 жылы Ресей футболдан әлем чемпионатын өткiзедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар