1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 наурыз 2015
Тұңғыш қазақтың зейнетақысы қанша?

Еркiн күрестен КСРО спартакиадасын ұтқан тұңғыш қазақ, қазақтың көзi тiрi Қажымұқаны, 1963-71 жылдар аралығында өткен халықаралық турнирлердiң барлығында жеңiске жеткен алып – Әбiлсейiт Айханов. Жазғы Олимпиада ойындарының үш дүркiн чемпионы, әлем чемпионаттарында жетi рет жеңiске жеткен Александр Медведь, төрт дүркiн әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жеңiмпазы Александр Иваницкий сынды саңлақтарды жеңген Айханов КСРО-ға қазақтың қаһармандығын паш етiп едi. “Мен жығылсам, мұқым қазақ жығылады” деп белдесiп, 30 жыл күрестiң суығына тоңып, аптабына қақталған Айхановтың табан ақы, маңдай терiнiң өтеуi 28 мың теңге екен. Еркiн күрестiң тарихындағы санаулы тұлғалардың бiрегейi Александр Медведьтiң өзiн ықтырған алыптың алатын зейнетақысы 30 мың теңгеге жетпейдi. Өкiнiштi-ақ.

Н.Көшек. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар