1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 наурыз 2015
Дәулет НИЯЗБЕКОВ, әлем чемпионатының қола жүлдегерi: Өзiмнен озар шәкiрт баулимын

Таяуда ғана Талдықорғанда өткен күрес түрлерiнен Қазақстан чемпионатында 61   келiде Дәулет Ниязбеков жеңiмпаз атанды. Еркiн күрес шеберiнiң ел чемпионатын бесiншi рет ұтуы бұл. Еркiн күресте әлемдiк жарыстарда қазақтың атын әйгiлеп жүрген балуанның бiрi – осы Ниязбеков. 2011 жылы Түркияда өткен әлем бiрiншiлiгiнде қола жүлде олжалап қайтты. Арада он төрт жыл салып қазақтың еншiсiне әлем бiрiншiлiгiнiң жүлдесi бұйырды. Дәулет – Азия бiрiншiлiгiнiң де жүлдегерi.

Еркiн күресте есенi жiбермей жүрген дарынды балуанмен әңгiмелесудiң сәтi түсiп едi. Қазақ жiгiттерi тек намыс үшiн күресетiнiн, алдағы арман-мақсаттары жөнiнде ақтарыла әңгiмелей жөнелдi. Қоң етiн кесiп алсаң да қыңқ етпейтiн жiгiт сөзге сараң емес екен.
– Қазақстан чемпионаты – халықаралық жарыстарға жол ашатын бiрден бiр жарыс. Әлем чемпионаты, Азия бiрiншiлiгiне баратындардың тiзiмi ел бiрiншiлiгiнен кейiн түзiледi, – дейдi ол. – Спорттың оңайы жоқ қой. Жеңiске жеткiң келсе, жаттығуда барыңды салып, қиыншылықтарға шыдау керек. Табанды еңбектiң өнбегi – жеңiс.
Спорттан тәрбие алдым 
Он бес жылдан берi боз кiлемнiң бар қиындығына шыдап келемiн. Спорттан алсам деген мақсатым үл­кен, болашақтан күтерiм де мол. Әлем бiрiншiлiгiн­дегi қоланы бағалы жүлдеге айыр­бастамай спорттан кету қайда? Қазiр кемшiн тұстарымды толықтырып жатырмын. Қателiктерiңдi жеңiл­ген сәтте түсiне бастайсың. Әлi де жетiңкiремейтiн, жетiспейтiн тұстарымыз да көп.
Жарыстың алдында еш­теңенi ойламауға тырысамын. Жалғыз қалып, дайындалған қолайлы. Жақын дос­тарыммен әңгiмелесiп, уайымды ұмытамын. Ертең не болары тағдырымызға жазылып қойған. Сол се­бептi тек алға ұмтылу – бiз­дiң мiндет. Жеңiске жеткен сәтте қиыншылықтың бәрi ұмытылады. Оны әрбiр адам түсiне де бермейдi. Мойын­ға медаль тағып жатқанда ғана сол сезiмдi бастан кешесiң. Бiз үшiн бақыт деген сол. Өмiр бойы жеңiстiң дәмiн сезбей кеткендер де бар.
Расында, бұрынғыға қа­рағанда қазiргi жағдай бiршама түзелген. Тек жаттығу залдарының аздығы болмаса, қалғаны көңiлден шығады. Қайрат-күшiм қайт­қанша кiлемнен кетпей­тiнiм анық. Спорт маған бәрiн бердi. Ең алдымен тәрбие көрдiм. Бесiншi сыныптан берi спортта жүрмiн ғой. Мен ата-анамнан гөрi спорттан көп тәрбие алған адаммын.
Спортта жеңiске жету­дiң кiлтi ең алдымен мiнез­де деймiз. Екiншiден, тағдыр-талайыңа бiлiктi бапкер кезiкпесе, бәрi бекер. Қазақта бапкерлер жоқ емес, бар. Мәселен, Руслан Өмiрәлиев ­– қазақтың аты озсын деп жүрген азамат. Ол кiсiнi құрмет тұтамын. Осы кiсi шығарады қазақтың жiгiттерiн. Бәрi ауызбен iс бiтiруге шебер. Руслан бапкердiң жаттығуға келгеннен кеткенiнше   қолынан ысқырығы түспейдi.
 
“ЖАРАҚАТТЫ ЖЕҢIМЕ ЖАСЫРЫП...”
Намыс болмаса ешкiм де күреспейдi. Қазақ жiгiттерi­нiң бәрi де намысын қайрап шығатынына мен кепiлмiн. Бiздiң жанкештiлiгiмiз сырт көзге байқала бермейдi. Мәселен, 2009 жылы жастар арасындағы Азия чемпионаты басталуға бiр апта уақыт қалғанда салмақ қуамын деп қолымды ауыртып алдым. Сынықшыға көрсетейiн десем, қорқамын. Егер сүйегiм сынса, бапкерлер тастап кетедi. Сынған қолды жеңiме жасырып жарысқа қатыстым. Олжам да жоқ емес, үшiншi орын алдым. Елге келiп дәрiгерлерге тексертсем, сүйегiм бөлiнiп тұр ғой. Үзiлуге сәл қалған.
Әлем бiрiншiлiгiнiң алдында аяғымнан оңбай жарақаттандым. Қақсап шыдатпағанына қарамастан, барып күрестiм. Қиындыққа төзбей қолды бiр сiлте­генiңмен, екi күннен кейiн кiлемге қайта барасың. Бас­қа арна жоқ бiзде.
Спорт медицинасын дамыту – кезек күттiрмейтiн мәселенiң бiрi. Қазiр бiз   өз-өзiмiзге укол салып, күресе беремiз. Әрбiрi өз-өзiне дәрiгер, өз-өзiне массажшы...
 
“ЕРКIН КҮРЕСКЕ ЗАЛ КЕРЕК”
Осы күнде еркiн күрес Алматы облысында қарқынды дамып жатыр. Балуандардың денi Алматыға барып, жаттығу жасайды. Өзiм әлiге дейiн Қызылорда облысының атынан күресемiн.
Шыны керек, бұрынғыға қарағанда еркiн күрес балуандарынының деңгейi өс­кен. Әсiресе, қазақтың дарынды жiгiттерi әр аймақтан бой көрсеттi. Бұрын тек легионерлер емес пе едi?! Қазiр олардың қатары сиреген. Мәселен, қазақтың жiгiттерi де әлем бiрiн­шiлiгiнде жүлдеге iлiктi. 
Балуанға әуелi бап керек десек, әр аймақтан күрес залдарын көбейткен абзал. Бiлсеңiз, Дағыстандағы бiр Махачкаланың өзiнде жиырма шақты зал бар. Бiздер кейде жаттығатын зал таппай қиналамыз. Осы жағы ойлантады.
Әлемде еркiн күрестi дамытуда Иран, Ресей, Жапония iлгерi кеттi. Азия құрлығында да парсы, солтүстiк­кореялық балуандардың әрбiрi қарымды қарсылас бола алады. Өйткенi олардың iргесi берiк мектебi бар. Жастайынан спортты көрiп өседi.
 
“ЖАРЫМ ҚАРСЫЛАСТАРЫМДЫ ЖЫҒА ТАНИДЫ”
Олимпиададан кейiн отау тiгiп, ақ құсымды қолыма қондырдым. Менiң ең бiрiншi жанкүйерiм де – үйдегi жарым. Қарсыластарымның бәрiн жаттап алған тiптi. Әке-шешем үнемi қолдап-қуаттап, демеп отырады. 
Спорттық мансабым ая­қталғаннан кейiн бапкер боламын. Бiр қазақтың баласын Олимпиада, әлем чем­пионы еткiм келедi. Айлық алмасам да, қазақ жiгiт­терiн баулуға бармын.
Жазып алған Т. ҚАСЫМ,
Шымкент қаласы.

+++++++++++++++++

Аманжол БҰҒЫБАЕВ, еркiн күрестен ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкерi: Бiр әдiске байланып қалмау керек
– Ұлттық құраманың тiзгiнiн Руслан Өмiрәлиевке сенiп тапсырдық, нәтиже шығарады деп сенейiк. Бiздiң балуандарда бiр әдiстi ғана жасаймын деген түсiнiк қалыптасқан. Заманында күрескен шағымызда бiр әдiстi қолданып, оған ұстатпаса екiншi әдiске, одан үшiншi әдiске салып жiберудi меңгердiк. Мысалы, аяғынан ұстап әдiске салғанда берiлмей қойса, басқа амалды iске қосатын ек. Мен бiр әдiстi, жаттығуда жүз мәрте қайталайтынмын. Сондықтан бiр шабуылда бiрнеше әдiстi қолданып үлгеретiнбiз. Ал қазiр балуандарымыз бiр әдiстi жасаймын деп арамтер болады, қарсыласы ұстатпай қояды да, әбден сiлелетедi.
Еркiн күрестен жазғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының жеңiмпазын шығара алмағанымыз жанымызға батады. Шынтуайтына келгенде, медальдар саны жағынан еркiн күрес балуандары грек-рим күресiнiң шеберлерiнен алда келедi. Алайда әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жеңiске жете алмағандықтан, аузымызды аша алмаймыз. Осы олқылықтың орнын күзде өтетiн әлем чемпионаты мен келесi жылы болатын Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында толтырады деп сенемiз.
 
Еркiн күрестен Қазақ елi балуандарының әлем чемпионаттарындағы көрсеткiштерi
1995 жыл, Атланта (АҚШ). Эльмади Жабрайылов – күмiс.
1997 жыл, Краснояр (Ресей) Мәулен Мамыров – қола.
2003 жыл, Нью-Йорк (АҚШ), Геннадий Лалиев – қола.
2005 жыл, Будапешт (Венгрия), Магомед Куруглиев – қола.
2009 жыл, Хернинг (Дания), Леонид Спиридонов – қола
2010 жыл, Мәскеу (Ресей), Абдулхаким Шәпиев – қола.
2011 жыл, Стамбұл (Түркия) Дәулет Ниязбеков,
Дәурен Жұмағазиев – қола.
 
Жазғы Олимпиада ойындарындағы нәтиже:
1996 жыл, Атланта (АҚШ), Мәулен Мамыров – қола.
2000 жыл, Сидней (Австралия) Ислам Байрамуков – күмiс.
2004 жыл, Афины (Грекия) Геннадий Лалиев – күмiс.
2008 жыл, Бейжiң (Қытай) Таймұраз Тигиев – күмiс,
Марид Муталимов – қола.
2012 жыл, Лондон (Ұлыбритания) Ақжүрек Таңатаров – қола.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар