1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15999) 17 наурыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 наурыз 2015
Жани-жани жасытып алмайық

“Астана арландары” дүниежүзiлiк бокс сериясының биылғы маусымындағы кезектi жеңiсiне қол жеткiзiп, поляктың “Rafako Hussars Poland” клубының боксшыларын айқын басымдықпен жеңдi.

49 келi салмақ дәрежесiнде Жомарт Ержанның еңбекқорлығына разы болдым. Өзi ересектер дуына жаңа қосылған боксшы АИБА-ның бұл жобасына алғаш рет кiргенiне қарамас­тан сәттi өткiзiп, қарсыласы Давид Себастьян Ягодзинскийдi сiлелете сабады. 56 келi салмақтағы Мейiр­болат Тоитов та бабында екен. Силвестр Гржегжождтың жүнiн жықты. 60 келiде Самат Бәшеновтiң жойқын соққысынан Казимир Гржижтов Легов­скийдi құтқарған – зырлаған уақыт. Төрт раундқа шыдас берген поляк боксшысы бесiншi раунда қашарға жер таппай қиналды. “Арландардың” капитаны “азуын” аямай-ақ батырып, техникалық нокаутпен жеңдi. Бастапқыдай емес, Бәшенов бабына келе бастапты. Биылғы маусымдағы алғашқы жекпе-жегiн сылбыр өткiзген Саматтың шиыршық атуы қуантты.
75 келiде Мейiрiм Нұрсұлтанов Томаш Яблонскийден басым түстi.
91 келiде Василий Левит Игорь Якубовскийге қарсы айқасып, 5-раундқа жеткiзбей-ақ жеңiске жеттi. Дүниежүзiлiк бокс сериясының (WSB) рейтингiнде (91 келi салмақта) топ басында тұрған Якубовский биылғы маусымда 4 рет айқасқа түсiп жеңiлiске ұшырамай жүрген. Бiрақ Левиттiң үйiрiп соғар жойқын соққысына шыдас берген жоқ. Ендi бұл салмақта Левит топ бастайтын болады.
 “Арландардың” ауыр салмақтағы боксшыларымыздың аздығы үлкен соққы болып тимесе игi едi. Себебi жарақатынан ендi айыққан Василий Левит бесiншi маусымда төрт рет жекпе-жекке түстi. Екi аптада бiр мәрте айқасқа шығу жеңiл соқпайтыны белгiлi. Сондықтан да бапкер­лердiң 75 келiден жоғары салмақта негiзгi боксшыларды алмастыруға жарайтын “арландарды” баулығаны жөн. 75 келiде Мейiрiм Нұрсұлтановтың қасында әлем чемпионы Жәнiбек Әлiмханұлы бар. 81, 91, аса ауыр салмақтарға саңлақтарымыздың аздығы ертеңгi плей-офф кезеңiндегi айқаста кедергiсiн келтiредi. Бiр боксшыны айына екi мәрте додаға қосамыз деп жасытып алып жүрмесек жарар едi.
Жаңабай Тiлекметов,
№29 мектептiң денешынықтыру пәнiнiң мұғалiмi,
Алматы облысы,
Талғар ауданы,
Бесағаш ауылы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар