1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 наурыз 2015
Бұл соттың соққысы оңай болмайды

“Астана” велокомандасынының үстiнен велоспорттың халықаралық (UCI) одағы лицензиялық комитетке арыз жолдады. Велокоманда басшылығы лицензиялық комитет мамандарына құжаттарды көрсету мақсатында заңгерлермен ақылдасып, кеңесiн тыңдаған соң, Швейцарияда­ғы халықаралық арбиртраждық сотқа шағымданамыз деп мәлiмдедi. “Астана” велокомандасы биылғы жылы өтетiн маңызды сайыстарға қатысу құқығынан айырылмас үшiн барлық тетiктi iске қоспақ. Ал егер сотта велоспорттың халық­аралық одағы жеңiп, елордалық ұжым лицензиясынан айырылса, онда    9 мамырда бас­талып, 31-iнде аяқталатын “Джиро д’Италия”, 4-26 шiлде күн­дерi өтетiн “Тур де Франс”, 22 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында болатын “Вуэльта” сынды жылдың басты аламандарына қатыса алмайды.

Велоспорт одағы “Астана” клубын сотқа беруге ұжымдағы спортшылардың допинг дауына iлiгуi себеп дегендi желеу етiптi. Расында да былтыр “Астана” велокомандасының екi шабандозы, ағайынды Максим мен Валентин Иглин­скийлердiң допинг қолданғаны әшекерелендi. Жығылған үс­тiне жұдырық болып, команданың жанынан құрылған Astana Continental Team клубының бiр емес, үш спортшысының басы дауға шатылып, құрамнан шеттетiлдi.
Лицензиямыздан айырылу қаупi туып тұр деп қамыққан “Астана” басшылығы жоқ. Биыл­ғы жылға әзiрлiктi пысықтап, ұжымның жаңа құрамын таныстыру рәсiмiн Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнiң дөй қаласы Дубайда өткiздi. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры демеу­шiлiк ететiн велоклуб жыл са­йын жаңа құрамын таныстыруды шетелдерде ұйымдастырып, Испанияда, Италияда өткiздi. Бюджетi берекелi, қалтасы қалың клуб аста-төк тойын қайда ұйымдастырамын десе де өз еркi.
Осындай еңселi ұжымның белдi спортшысы атанып, жуан ортасында жүруi үшiн жас шабандоздар допинг қолданбай қайтедi? Өйткенi   “Астана” велоклубының белдi спортшыларының денi 300 мың АҚШ доллары көлемiнде табыс табады. Аз ақша емес. Жағасы жай­лау­дағы өмiрге енуi үшiн жас шабандоздардың допинг қолданып, күшейетiнi анық.
Додаларда топ жаруды көздеп жас спортшылардың допинг қолдануының кесiрi бүкiл ұжымға тиiп кетсе, сөз басқа. Сондықтан да велокоманда басшылығы әрбiр шабандозының денсаулығын жiтi бақылап, қатарға қосатын спортшыларын қатаң сұрыптау­дан өткiзгенi жөн. Жастық желiкке ұрынып, пайдалануға тыйым салынған препараттарды iшкен желөкпе спортшылардың салқыны велокоманданың беделiне күйе жақса, ел спор­ты үшiн де абырой емес.
 
Нұрдан Жомарт,
Алматы қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар