1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (15996) 5 наурыз, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 наурыз 2015
Спорт ақпарат

АЛЫП ҚАНА АЛТЫН АЛДЫ

Болгарияның София қаласында халықаралық турнир өтiп, елiмiзден барған боксшылар 1 алтын, 1 күмiс, 3 қола жүлдемен оралды. Ұлыбритания, Қытай, Германия, Ресей, Бразилия, Украина, Өзбекстан сынды елдердiң боксшылары қатысқан “Странджа” турнирiнiң финалына Жанболат Тiлегенұлы (56 келi) мен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келiден жоғары) шыққан-ды. Екеуi де өзбек бокс­шыларына қарсы тұрып, Жанболат жеңiлiп күмiс жүлденi мiсе тұтса, Қоңқабаев қарсыласын          1-раундта сұлатып түсiрдi. Қола жүлде Жақсылық Iлиясов (60 келi), Рустам Сбаев (75 келi), Нұрбол Алтаевқа (81 келi) бұйырды.  
 
СӨЗIН IСIМЕН ҚАБЫСТЫРСА
Осы сенбiде футболдан ел чемпио­натының 1-тур ойындары өтедi. Еуропа лигасының топтық кезеңiне дейiн көсiлудi көздеген алматылық “Қайраттың” ұжымы қостанайлық “Тобыл” ойыншыларының қарымын байқайды. Қызылорданың “Қайсары” өз алаңында талдықорғандық “Жетiсумен” тартысқа түссе, шымкенттiк “Ордабасы” павлодарлық “Ертiске” қарсы тұрады. Былтыр чемпион атанған “Астана” көкшетаулық “Ожетпеске” қарсы тұрса, “Тараз” қарағандылық “Шахер­дi”, “Ақтөбе” “Атырауды” қабылдайды. Күнi кеше биылғы маусымға әзiр екенiн паш етiп, клуб мүшелерiнiң таныстыру рәсiмiн өткiзген алматылықтар премьер-лигада топ жарамыз деп отыр.
 
ТЕГЕУРIНДI ҚАРСЫЛАСҚА ТӨТЕП БЕРМЕК
Былтыр Дэвис кубогы тартысының ширек финалында азулы Швейцария теннисшiлерiне жол берген елiмiздiң ерлер құрамасы ертең Италия құрамасына қарсы айқасты бастайды. 8 наурызда мәресiне жететiн сайыста ел намысын Михаил Кукушкин, Андрей Голубев сынды теннисшiлер қорғамақ.
Италия теннисi де тегеурiндi. Дэвис кубогының iрiктеуiнде сүрiнбей финалдық ойынына қатысып жүрген итальяндықтар Астанадан жеңiспен оралатындарына нық сенiмдi.   Ұлттық теннис орталығында өткен баспасөз жиынында Италия құрамасының капитаны Коррадо Баразуттидiң сөз ауанымен осыны аңғартты.
Бiздiң жiгiттердiң капитаны Дияс Досқараев та намысты қолдан бермеймiз деп сендiрдi.
 
БIР БАЛУАНЫМЫЗ БАР
Бiрiккен күрес әлемi (United World Wrestling) еркiн күрес балуандарының әлемдiк рейтингiн жаңартты.
Руслан Өмiрәлиев баптайтын бiздiң құрама балуандарының iшiнде тек Расул Қалиев қана ондыққа енiптi. 57 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiндегi балуандар арасында жазғы Азия ойындарының күмiс жүлдегерi Расул Қалиев 9-сатыда тұр.
Әлемдiк рейтингтiң алдыңғы легiнде Ресей, Оңтүстiк Корея, Иран, Жапония, Түркия, Куба елдерiнiң балуандары бар.
Дайындаған Қуаныш Бажақ. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар