1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15991) 17 ақпан, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 ақпан 2015
Жалаң сөз, жалған ұранның қажетi не?

Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы кеше ведомстваның кеңейтiлген алқа мәжiлiсiнде “Бiз Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте үшiншi орын алсақ, ұлы елге айналамыз” дедi. Ұлы елге айналу айтқанға жеңiл болғанымен, орындауға келгенде қиын ғой.

Министр бұл межеге жету үшiн дайындықты күшейту керек екенiн де айтты. Әзiрге бiздiң еншiмiзде жазғы Олимпиадаға қатысуға құқық беретiн бiр ғана жолдама бар: АИБА-ның АРВ (AIBA Pro Boxing) жобасынан боксшы Берiк Әбдiрахмановтың олжасы. Жазғы Олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есепте үшiншi орын алуымыз үшiн спортшыларымыздың бабын келiстiруiмiз керек қой. “Иранға барғанда көрдiк, бiр спорт кешенiнiң өзiнде төрт-бес кiлем төсеулi тұр. Қанша уақыт белдесiп, жаттығу жүргiземiн десең, өз еркiң. Ал бiзде бал­уандардың арнайы орталығы, не спорт кешенi жоқ. Оқу-жаттығу жиынын анда-мұнда өткiземiз” деп едi әлем чемпионатының қола жүлдегерi Дәулет Ниязбеков.
Бiз спорт арқылы ұлы елге айналғымыз келсе, Дәулеттердiң (Ниязбеков) арманын орындауымыз керек қой, Арыстанбек мырза. Жазғы Олимпиада ойындары қазыларды қызықтырып қойып жүлденi қалағаныңша ала беретiн конкурс емес екенiн ұмытпағанымыз жөн.
Министрлiктiң кеңейтiлген жиынына бокстан олимпиадалық даярлау орталығының директоры, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов та қатысты. Олимпиада чемпионы министр секiлдi “көп асаған” жоқ. “Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасынан 1-2 алтын медаль алуымыз мүмкiн. Боксшыларымыз олимпиаданың 4 медалiн олжалайды деп сенемiн” дедi. Әрине Мұхамедиұлы секiлдi Ыбырайымов та “боксшыларымыз төрт алтын медаль аламыз” десе, ауыз өзiнiкi ғой. Бiрақ тiсқаққан боксшы бокстың әлемнiң әр қиырында қай деңгейде дамып жатқанын бiледi. Сондықтан да “арық сөйлейдi”.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар