1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15991) 17 ақпан, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 ақпан 2015
Спорт ақпарат

СОҚҚАНЫН СҰЛАТТЫ

Бүкiләлемдiк бокс сериясының бесiншi маусымындағы бесiншi айқасын өт­кiзген “Астана арландары” Пуэрто-Рика боксшыларын айқын басымдықпен жеңдi. Қарағанды қаласындағы Серiк Сәпиев атындағы спорт кешенiнде өткен ай­қаста “арландар” пуэрторикалықтарды 5:0 нәтижесiмен ұтты. Яғни айқасқа түскен бес боксшымыз да қарсыласын баудай түсiрдi.
Баудай түсiрмей не, үш боксшымыз нокаутпен же­ңiске жеттi. 49 келiде Мардан Берiкбаев Энтони Ор­тиздi ұпай санымен жеңген. Екiншi болып рингке шыққан Мейiрболат Тоитов (56 келi) 2-раундта Гарибалди Га­мездi сұлатып салды. “Арландардың” капитаны Самат Бәшенов (64 келiде) Ривери Янды әрi-сәрi күйге түсiрiп, сiлелете сабады. Көпшiлiк әлем чемпионы, “арландыққа” алғаш рет жарағалы отырған Жәнiбек Әлiмхан­ұлының жекпе-жегiн тағатсыздана күткен едi. Бiрақ оның рингке шығуынан қайтуы тез болды. 75 келiде сын­ға түскен Жәнiбек Джеффри Гуилендi 1-раундта-ақ нокаутқа түсiрдi. 91 келiдегi Василий Левиттiң де жойқын соққысына Ричард Джонсон шыдас бермей, 2-раундта есiнен танып қалды.
Ендi арландар 21 ақпанда аргентиналық боксшылардың шама-шарқын бай­қап көредi. Әзiрге өздерiнiң тобында 15 ұпаймен көш бастап келедi.
 
“МЕДЕУ” БӘЙГЕ ӨТКIЗДI
Алматыдағы “Медеу” мұз айдынында спидвейден (мотожарыс) әлем чемпионатының кезеңi өттi. Екi күнге созылған сайысқа елiмiздiң мотошабандоздарынан өзге Швеция, Австрия, Германия, Ресей, Чехия елдерiнiң де өкiлдерi қатысты. Мотоциклет халықаралық федерациясының (FIМ) қолдауымен өткiзiлген әлемдiк додада 18 спортшы бағын сынап, әлем чемпионатының үшiншi кезеңiндегi жүлденiң бәрiн ресейлiктер бөктерiп кеттi. Даниил Иванов жеңiмпаз атанса, Дмитрий Колтаков – күмiс, Дмитрий Хомицевич қола жүлденi иелендi.
Спидвейден әлем чемпионаты бес кезеңнен тұрады. Бiрiншi, екiншi кезеңдерi Ресейдiң Красногорск пен Тольятти қалаларында өткiзiлдi. Ендi төртiншi кезең наурыз айында Голландияда, бесiншi кезең Германияда ұйымдастырылады.
 
АЛТЫН ТАҒЫ БҰЙЫРМАДЫ
Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнде таеквондодан өткен халық­аралық турнирден елiмiздiң спортшылары 10 медаль иеленiп қайтты. Арабтардың Фуджейра қаласында өткен халықаралық турнирге әлемнiң әр қиырынан 550-ге тарта спортшы қатысты.
Қыздар арасында Феруза Ергешова (67 келi) мен Айгүл Елубай (73 келi) финалға дейiн сүрiнбей келiп, алтынға қол созым қалғанда жеңiлдi. Алты қыз қола жүлденi мiсе тұтса, ерлерден тек Нұрлан Мырзабаев (74 келi) пен Қайыржан Исламхановтың ғана (63 келi) қола медальға қолы жеттi.
G-1 дәрежесiндегi додадан таеквондошыларымыз былтыр бар-жоғы екi жүлде алған-ды. 
 
ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ТА ҚОЛ СОҚТЫ
Оңтүстiк Кореяның бас қаласы Сеулде мәнерлеп сырғанаудан “Төрт құрлық чемпионаты” ұйымдастырылып, мәртебелi сайыстың алтын медалi Денис Тенге бұйырды. Жерлесiмiз қысқа бағдарламада 97,61 ұпай жинаса, негiзгi бағдарламада 191,85 ұпай еншiледi. Қоссайыс қорытындысында 289,46 ұпаймен жеңiмпаз атанды. Америкалық Джоши Фарриске – күмiс, ханзу Хан Янге қола медаль бұйырды. “Төрт құрлық чемпионатына” Абзал Рақымғалиев 198,10 ұпаймен 19-сатыны мiсе тұтты.
Тен ендi Шанхайда көктем туа   өтетiн әлем чемпионатында бағын сынайды. Сочи қысқы Олимпиадасының қола жүлдегерiнiң қанжығасында әлем чемпионатының қола медалi бар.
Дайындаған Қуаныш Бажақ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар