1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15985) 27 қаңтар, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 қаңтар 2015
Спорт ақпарат

АҢЫЗ АДАМНЫҢ ҚОЛҒАБЫ АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Әлемге әйгiлi Мұхамед Әлидiң осыдан жарты ғасыр бұрын киiп, өзiнiң чемпиондық атағын қор­ғаған қолғабы сатылымға шығатын болды. 21 ақпанда Нью-Йорк қаласында өтетiн аукционда Мұхамед Әлидiң елу жыл бұрын киген бокс қолғабы 1 миллион АҚШ долларына сатылмақ.
1964 жылдың 25 ақпанында Мұхамед Әли осы қолғабын киiп өзiнiң чемпиондық атағын қорғау үшiн отандасы Сонни Листонды ұтқан болатын. 1965 жылдың 25 мамырында Листон есесiн қайтарамын деп Мұхамед Әлиге қарсы тағы бiр жекпе-жекке түстi.
 
“АЛТЫН ДОПТЫ” АЛДЫ ЕКЕН ДЕП...
Футболдан Испания чем­пионатының 20-турында мадридтiк “Реал” “Кордова” клубымен сыртта тар­тыс­қа түсiп жеңiске жеттi. Ойындағы алғашқы гол 3-минутта-ақ соғылды. Пенальтиден Набил Гибас қанжығасына гол байлады. Қонақтар таразы басын   27-минутта ғана теңестiре алды. Кәрiм Бензема тоғытқан голдан кейiн де корольдiк клуб шабуылда саябырлаған жоқ. Бiрақ алаң иелерi сiресiп, қорғанысты тойтарып тастап отырды. Екi апта бұрын ғана әлемнiң ең үздiк футболшысы атанып, “Алтын допты” иеленген Роналдуды не түлен түрткенiн кiм бiлсiн, әуелей келген допқа аяғы жетпегенi үшiн “Кордованың” ойыншысы Эдимарды бiр тептi. Командаласының таяқталғанына ара түскен Хосе Креспоны да бетiнен итерiп кеп жiбердi. Алаңдағы ойыншылардың бәрi бiрдей ала доптың заңына бағынуы тиiс екенiн жүз қайыра жаттаған тө­решi мұндайға қалай көз жұма қарайды? 89-минутта қызыл қағазын суырып, Роналдуды алаңнан қуып жiбердi.
 Португалдық футболшының алаңнан қуылғаны бiр бұл емес. 2010 жылы “Малагаға” қарсы ойында, былтыр “Атлетикомен” тартысқа түскенде де шайтаны қоздырған Роналду қарсы жақтың футболшыларына қол көтергенi үшiн алаңнан кеткен болатын.
 
ҚҰРАМАҒА ҚОСЫЛДЫ
Қазақстанның бiрiншi ракеткасы Зарина Дияс Қытайда өтетiн Федерация кубогына қатысатын болды. Осы уа­қытқа дейiн Заринаның ұлттық құрама сапына ену-енбеуi жайлы гу-гу сөз желдей ескен-дi. Ақыры бапкерлер федерацияның Азия құрлығы елдерi арасында өтетiн сайысына Заринаны да қосуды құп көрiптi.
Зарина бастап баратын қыздар құрамасында Ярослава Шведова, Кәмила Керiм­баева, Юлия Путинцева да бар. Бойжеткендер Қытай, Таиланд, Таипей елдерiнiң тен­нисшiлерiне қарсы ойнайды. Былтыр Федерация кубогында бiздiң құраманы қытайлық теннисшiлер тоқтатып, жарыстан ығыстырған болатын.
Айтпақшы, Зарина Австралия ашық чемпионатының үшiншi айналымында ресейлiк Мария Шараповадан өте алмады. Әлемнiң екiншi ракеткасы Мария Шарапова сөз жоқ, нағыз бабында. Осындай алыптан тайсалмай барын сала айқасқан жерлесiмiз жiгерлiлiгiн таныта бiлдi. Зарина былтыр да осы ашық бiрiншiлiктiң үшiншi айналымында сүрiнген болатын. Өкiнiшке қарай, Ярослава Шведова да жекелей сындағы сайысын аяқтап, қытайлық Шуй Пенгтен же­ңiлiп қалды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар