1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 қаңтар 2015
Бөлiп алып баптап жүр

Нәтиже қалай болар екен?

Тәуелсiздiк алған 23 жыл iшiнде таеквондо спортынан әлем чемпионы, не болмаса жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалiн алып бе­ретiн бiрде-бiр спортшы шыңдап шығара алмадық. Бас­шы да, бапкер де құтаймаған таек­вондо спортын қазiр банкир Вячеслав Ким басқарады. Ұлттық құраманың бас бап­керлiгiне былтыр ақ­пан айында Мұстахим Қабдi­рашев тағайындалған.
Осы күнде ұлттық құрамаға мүше таеквондошыларды бөлiп-жармай жаттықтыруы тиiс бас бапкер Мұстахим Қабдiрашев қалауына жаққан спортшыларын бөлiп алып баптап жүр. Екiншi топты Кореядан кiсi жiберiп алдырған маман Юонг Джин баулыса, үшiншi ұжымды француз бап­керi Филипп Пинер тәр­биелейдi. Бөлiп алып баптау қаншалықты тиiмдi? Француз “өзiнiң еншiсiндегi” таеквондошыларымызды ертiп алып АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткiзiп жүрсе, кәрiс бапкер өзiнiң тобындағыларды туған отанына бастап кетiптi. Бас бапкер Мұстахим Қабдiра­шевтiң қарауындағы спортшылар бөлек әзiрленуде.
“Өз қазанында қайната бермей таеквондосы тегеурiндi елдердiң спортшылармен бiр­лесе, тiзе қосып жаттығудан ұтарымыз көп” дептi кәрiс пен француз бапкерлерi. Бөлiп алып баптаудың қандай нәтиже берерiн мамыр айында Ресей­дiң Челябi қаласында өтетiн әлем чемпионатында байқайтын боламыз. Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасы бөлiске салынатын әлем бiрiншiлiгiнде таеквондошыларымыздың тауаны шағылмаса болды әйтеуiр.
“Оқу-жаттығу жиындарына да ақша бөлiп, шетелдермен бiрлесе әзiрлiк өткiзудiң тигi­зер пайдасы зор. Құрама мү­ше­лерiн бөлiп алып баптаудың қаншалықты тиiмдi екенiн келешектегi нәтижеге қарай бағамдармыз. Таеквондошыларымыз әлемдiк жарыста олжаға қол жеткiзе алмаса, мұндай тәжiрибенiң керегi қанша? Ал егер табыстан тау тұрғызып, мәртебемiздi асырып жатса сөз басқа”, – дейдi таеквондодан ұлттық құраманың 1999-2007 жылдардағы бас бапкерi Сұлтанмахмұт Шоқпытов. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар