1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 қаңтар 2015
Спорт ақпарат

ЕСIНЕН ТАНДЫРДЫ 

“Әлем жауынгерлерi” (ALEM FIGHTERS) қой жылын табыспен бастады. 18 қаңтар күнi Қытайдың Нанжин қаласында “Kunlun Fight 18” турнирi өтiп, жекпе-жектiң К-1, ММА нұсқалары бойынша жүлделер сарапқа салынды.
Ережесiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпионы Ардақ Назаров жетекшiлiк ететiн кәсiпқой спорт клубының мүшесi Нұржан Тұтқаев осы турнирде жеңiске жетiп, Қазақ елiнiң туын биiкте желбiретiп қайтты. Нұржан АҚШ спортшысы Emilio Urrutiaны 2-раундта нокаутпен ұтты. 66 келiде сынға түсетiн жерлесiмiз­дiң бұл – әлемдiк аренадағы алғашқы табысы. Жекпе-жектен Қазақстанның төрт дүркiн чемпио­ны Тұтқаевтың тепкiсiне осы уақытқа дейiн ешкiмге есе жi­берiп, жеңiлмеген америкалық шыдас бере алмады.
Халықаралық турнирге Қы­тай­да тұратын қандастарымыз да қатысып, жүлделi орынға ие болды.
 
АЛДЫНДА АСҚАР ШЫҢ БАР
Ярослава Шведова Австралия ашық бiрiншiлiгiнiң (Australian Open) үшiншi айналымына өттi. Алғашқы сында әлемнiң 16-ракеткасы чехиялық Люси Шафаржованың өзiн сүрiндiрген Шведова екiншi айналымда пуэрторикалық Моника Пуигтi ұтты. Ендi ол қытайлық Пэн Шуайға қарсы тұрады. Әлемдiк рейтингте Шуай 21-сатыда тұрса, Шведова 66-орында.
Қазақстанның бiрiншi ракеткасы Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатының үшiншi айналымында әлемнiң екiншi ракеткасы ресейлiк Мария Шараповаға қарсы айқасады. Зарина екiншi айналымдағы тартыста словакиялық Анна Шмидлованы үш сетте сүрiндiрген болатын.
 
БЕЛБЕУ КIМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
Астанаға Сеулден чемпиондық белбеу жеткiзiлдi. АИБА-ның жаңа жобасы АРВ сайысында жеңiске жеткен боксшы 2 келi 680 грамм тартатын алтынмен апталған белбеу­ге ие болады. 30 қаңтарда “Дәулет” спорт кешенiнде чемпиондық белбеу үшiн Берiк Әбдiрахманов өзбекстандық Хуршид Тәжiбаевқа қарсы айқасқа түседi. Жеңсе, чемпион атанып қана қоймай, келесi жылы Бразилияның Рио-де-Женейро қаласында өтетiн жазғы Олимпиада ойындарына жолдаманы қоса иемденедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар