1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15984) 22 қаңтар, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 қаңтар 2015
“Арлан” деген атыңа сын...

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымындағы екiншi айқасын “Астана арландары” ертең (23 қаңтарда) Польшада өткiзедi. Денi өзi­мiздiң боксшылардан жасақталған ұжымның иығына артылған үлкен мiндет – бесiншi маусымда топ жару. “Жас келсе – iске” деп, бас менеджерлiк қызметтiң тiзгiнi екi дүркiн әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының же­ңiмпазы, Вэл Баркер кубогының иегерi Серiк Сәпиевке берiлдi. Орда бұзар жасында лауазымды қызметке тағайындалған Серiк жауапты шаруаны ширатып әкетуге күш салатынын, “арландар” қандай клубқа қарсы келсе де аянып қалмайтынын айтты. Сөз бердiң бе, iсiңмен дәлелде! 

Әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, әлем бiрiншiлiгi мен жазғы Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi Әдiлбек Ниязымбетов сынды саңлақтарды баптап, томағасын сыпырған бiлiктi бапкер Марат Жақиевтiң “арландары” iрiктеу айқасын “В” тобында өткiзедi. Бағымызға қарай боксшыларымыз топтық кезеңде азуы алты қарыс кубалық, ресейлiк, украиналық клубтармен айқаспайды. Дегенмен ортадан озып шығу да оңайға соқпайтын сияқты. Бүкiләлемдiк бокс сериясының екiншi маусымында жеңiске жеткен итальяндық “Italia Thunder Boxing Team”, “бiтiспес қарсылас” әзiрбайжандық “Azerbaijan Baku Fires”, “арландарға” етене таныс америкалық “USA Knockouts”, польшалық “Rafako Hussars Poland”, пуэрторикалық “Puerto Rico”, аргентиналық “Argentina Condors” және күнi кеше Алматыда оңбай ұтылған венесуэлалықтар да бiздiң топта екенi белгiлi. 
Егер “арландар” алдағы ай­қастарда сүрiнбей, топтан озып шықса, онда бiрден жартылай финалға өтедi.

Тобымыздағы жетi клубтың iшiнде оңай алдыра қоймайтын екi ұжымның қазiргi құрамы анау айтарлықтай тегеурiндi емес. Себебi кез келген сеңнiң көбесiн

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар