1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15980) 8 қаңтар, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 қаңтар 2015
Спорт ақпарат

ҚҰНЫҢ ҚАНША, МЕССИ?

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегi ең қымбат футболшылардың тiзiмiн түзiптi. Осы күнде ала доптың соңында жүргендерiң iшiнде байлығы асып-тасып, көш басында тұрғаны – аргентиналық Лионель Месси. Аргентина ұлт­тық құрамасының капитаны, каталондық “Барселона” футбол клубының шабуылшысының құны 220 миллион еуро екен. Екiншi орында қызды ауылды күнде торитын серi футболшы португалдық Криштиану Роналду. Оның құны – 133 миллион еуро. Бельгия футболының бағына туған Эден Азар әлемнiң ең қымбат ойыншыларының үштiгiн түйiндептi. Ағылшынның “Челси” клубын өрге сүйреушi Азардың футбол базарындағы бағасы – 99 миллион еуро.
Қымбат ойыншылардың ондығын мадридтiк “Реалдың” уэль­с­тiк ойыншысы Гарет Бэйл 60 миллион еуромен түйiндептi.
 Футбол тарихы және статис­тика халықаралық федерациясы (IFFHS) жылдың ең үздiк төрешiсi деген марапат итальяндық қазы Никола Риццолиге берiптi. Риццоли былтыр футболдан Бразилияда өткен әлем чемпионатының финалдық ойынына төрелiк еткен болатын. Ағылшын тө­решiсi Ховард Уэбб екiншi сатыға жайғасса, немiс Феликс Брих үздiк төрешiлер үштiгiне iлiнiптi. Өзбектiң Равшан Ирматовы да төрешiлер рейтингiнде 5-сатыда тұр.
 
ХАНЗАДА ПРЕЗИДЕНТ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДI
ФИФА-ның президенттiк сайлауы мамыр айында өтедi. Мәртебелi мансаптан қазiргi президент, осы ұйымды 17 жыл бойы басқарып келе жатқан 74 жастағы Йозеф Блаттер де дәмелi. Яғни сайлауға түсуге әзiр. Одан сырт президенттiктен Иордания ханзадасы Әли бин әл-Хүсейiн де үмiттi. ФИФА-ның вице-президентi орынбасарлықтан жалыққан секiлдi. Үшiншi үмiткер – ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысы Жером Шампань. 
 
АЛЫПТЫ АУДАРЫП ТАСТАДЫ
Катардың бас қаласында өтiп жатқан теннистен халықаралық турнирде көпшiлiк күтпеген нәтиже тiркелдi. Әлемнiң үшiншi ракеткасы испандық Рафаэль Надаль рейтингте 127-сатыда тұрған немiс теннисшiсi Михаэль Беррераға есе жiбердi. Үш сетке созылған тартыста Надальдi сан соқтырып кеткен немiс спортшысы ендi келесi айналымда хорват Иван Додигке қарсы күш сынасады.
Жүлде қоры 1 миллион доллардан асып жығылатын турнирге әлемнiң таңдаулы ракеткалары да қатысып жатыр.
 
АРБАСЫ АУЫП ҚАЛДЫ
“Дакар – 2015” ралли-марафонына қатысып жатқан қазақстандық Astana Motorsports командасының жүк көлiгi аударылды. Артур Ардавичус тiзгiндеген жүк көлiгi екiншi кезең жарысында тау бөктерiндегi бұралаң жолдан шығып кетiп төң­керiлген. Абырой болғанда экипаж мүшелерi дiн-аман.
Өкiнiшке қарай, биылғы “Дакар” марафонында да адам шығыны болды. 39 жастағы поляк мотошабандозы Михал Херник­тiң елiне табытпен сүйегi қайтты. “Дакарға” тұңғыш рет қатысып, жазым болған Херник – осынау аламан тарихында ажал құшқан жиырма төртiншi спортшы.
Дайындаған Қуаныш Бажақ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар