1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15980) 8 қаңтар, бейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 қаңтар 2015
Ол қолғабын шешпегенде...

Бокстан 2005 жылы әлем чемпионаты Қытайда өттi. Ел намысын қорғаған боксшыларымыз 2 алтын, 3 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте Куба мен Ресейдi ғана ұзатып салып, үшiншi орыннан көрiндi. Мiне, осы додада көк туымызды күнге сүйгiзiп, әнұранымызды аспандата шырқат­қан қос қыранымыз Серiк Сәпиев пен Ердос Жаңабергенов әлем чемпионы атанды. Қытайдың рингi қолтығын сөккен Серiк содан кейiн де талай биiкке өрледi. Әлем чемпионатының алтынын екiншi рет иелендi, жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы деген тозбайтын атағын төрiне iлдi. Ат басындай Вэл Баркер кубогын да 2012 жылы Қазақ елiнiң қанжығасына бөктердi. Ал Ердос Жаңабергенов жарқ етiп әлемнiң көзiне түстi де, көп өтпей тасалана бердi. Жарақат жабыспағанда Жаңабергеновтiң жуан жұдырығы 2008 жылы өткен Бейжiң олимпиадасында, Лондондағы төртжылдық додада талайдың миын шайқайтын едi. Көптеген спортшының арман-тамырын қиып түсiрген кесел Ердостың да етегiнен тартты.

“Өткенге, өмiрге өкiнуге болмайды” дейдi Жаңабергенов. Қазақ елi Үсеннiң ұлынан Олимпиаданың да жарқыраған алтынын күттi. Жазғы Олимпиада ойындарының сыбағалы жүлдесi бұйырмағанымен, Ердос елiне әлем чемпионатының алтынына қоса Азия бiрiншiлiгiнiң де бас бәйгесiн алып бердi.
Жаңабергеновтiң есiмi аталғанда 2005 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңiстерi көз алдыңа алдымен көлбейдi. Ширек финалда қазақтың жұдырығы жуан жампозына тунистiк Мұрат Шарауи қарсы шығуға қаймығып, жекпе-жектен бас тартты. Ал жартылай финалда өзбектiң өр ұлы Өткiрбек Хайдаровты атынан аударып тастады. Финалда хорватиялық Символижа Марионы ұтты.   
Қолғабы қолынан шешiлген соң бiрнеше жыл iшкi iстер органында жауапты қызмет iстеген Жаңабергенов бiр жыл бұрын айналып қазығын тапты. Осы күнде Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы.
Айдарымыздың қонағына көкейдегi бiрнеше сауалымызды жолдап, тұшымды жауап алдық.
 
– Әңгiмемiздi ұлттық құрама сапына қосылған жылы-ақ қол жеткiзген толайым табысыңыз­ға қатысты қойсақ. Сiз 2005 жылы құраманың бiрiншi нөмiрлi боксшысы атандыңыз, сол жылы әлем чемпионатында да топ жардыңыз.
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар