1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15977-78) 26 желтоқсан, жұма 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 желтоқсан 2014
Токиода жапонның сағын сындырды

Алматы облысы әкiмi аппаратының жетекшiсi Ғалымжан Әбiдрайымов пен ереже­сiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпионы Ардақ Назаровтың ұйытқы болуымен ашылған “ALEM FIGHTERS” (Әлем жауынгерлерi) спорт мекте­бi ұжымы да биылғы жылды зор табыспен тәмамдады.

Күнi кеше Жапонияның бас қаласы Токиода жекпе-жектен REAL FIGHT CHAM­PION­SHIP: REAL 1 халықаралық турнирi өтiп, ел намысын қорғаған Бейбiт Назаров (71 келi) Ишихара Юкидi айқын басымдықпен жеңдi. Жарақаты жазылмай үлкен спорттан екi жыл шеттеген Бейбiт бабында екенiн байқатты.
Токиодан табыспен оралған саңлақтарды Алматы әуежайынан журналистер мен жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды.
Ардақ Назаров Токиоға Бейбiттен өзге тағы екi шә­кiр­тiн ертiп барған-ды. Өкi­нiш­ке қарай, Бауыржан Қуанышбаев (77 келi) пен Асқар Үмбетов (66 келi) қарсыластарына есе жiбердi.
“1990 жылдары жапондардың “Прайд” тұжырымының дабысы шартарапқа дүркi­реп, АҚШ-тағы әлемге әйгiлi UFC тұжырымымен бәсекелес болды. Осы күнде жапондар сол “Прайд” тұжырымын REAL FIGHT деген атаумен қайта жандандыруға күш салып жатыр. Сондықтан да биылғы додаға олар тек өте тегеурiндi спортшыларын шығарды. Жапонияның жолбарыс жүрек жампоздарына қарсы бiздiң жiгiттерден өзге Бразилия, Қытай, Корея, АҚШ елдерiнiң де талантты спортшылары жекпе-жекке түстi” – дейдi “ALEM FIGH­TERS” спорт мектебiнiң же­текшiсi Ардақ Назаров.
Жарайсың, Бейбiт! Өзде­рiңдей өр ұлдары барда қа­зақтың көк туы әрқашан биiк­те желбiрейдi деп сене­мiз! 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар