1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15976) 23 желтоқсан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 желтоқсан 2014
Роналду Платиниге неге ренжулi?

Мароккода өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында мадридтiк “Реал” клубы жеңiске жеттi. Финалда аргентиналық “Сан-Лоренсо” футболшыларын Карло Анчелоттидiң шәкiрттерi 2:0 есебiмен жеңдi. Серхио Рамос 37-минутта есеп ашып берсе, қорытынды голды 51-минутта Гарет Бэйл соқ­ты. “Реалдың” қанжығасына клубтар арасында әлем чемпионы деген марапат тұңғыш рет байланып отыр.

Айтпақшы, осы марапатты аларда қызық жағдай болды. “Реалдың” бас бапкерi Карло Анчелотти өзi бастап, салтанатты рәсiмде қаз-қатар тiзiлген марқасқалардың құттықтауын қабыл алып, қолдарын қысуы тиiс болған. Бәрi ойдағыдай өтер едi, егер Роналду Мишель Платиниден аттап кетпегенде. Роналду ФИФА президентi Зепп Блаттердiң қолын қысады да, одан кейiн тұрған УЕФА-ның президентi Мишель Платиниден аттап өтiп кетедi. Әйгiлi футболшының бұл әрекетiн сан-саққа жүгiрте талқылаушылар Роналдудың Платиниге өкпесi қара қазандай дейдi. Олай болатыны, Платини биылғы “Алтын допты” португал Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Мессиден гөрi немiс Мануэль Нойердiң алғаны абзал деген сыңайда пiкiрiн айтқан болатын. “Германия құрамасы мен мюнхендiк “Баварияның” қақпашысы Мануэль Нойердiң еңбегi ерен” деген-дi.
“Алтын доптың” иегерi келесi жылдың 12 қаңтарында Цюрихте өтетiн салтанатты жиында белгiлi болады. Егер марапат Мануэль Нойерге бұйырса, ол “Алтын допты” алған екiншi қақпашы ретiнде тарихта қалады. Қақпашылардың iшiнде әзiрге “Алтын добы” бар тек Лев Яшин ғана. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар