1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15975) 19 желтоқсан, жұма 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 желтоқсан 2014
Рой Джонс Арқа төсiнде ән салды

17 желтоқсан күнi Қарағандыда Ғалым Жарылғапов атындағы XXXI халықаралық турнир басталды. 21 желтоқсанда мәресiне жететiн халықаралық сайыстың жеңiмпаздарына 150 мың теңге көлемiнде сыйақы берiледi.

Биылғы турнирдi тамашалауға қаламызға әлемге әйгiлi боксшы америкалық кiшi Рой Джонс келдi. Аңыз адам алдымен Астанаға ат шалдырып, қонақжай қазақтың ақжарылқап ықыласына бөлендi. Қарағандыда халықаралық турнирдiң ашылу рәсiмiне қатысып қана қойған жоқ, рэп жанрында жазылған өзiнiң төл туындыларын шырқап бердi. Кәсiпқой боксшы ғана емес, қоңыр дауысты әншi, шебер актер Арқа жерiн осылайша думанға бөледi.
Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдiң ашылу рәсiмiне кiшi Рой Джонстан өзге, Қазақ даласының тумасы, кәсiпқой бокстан әлем чемпионы Олег Маскаев, Сидней олимпиадасының чем­пиондары боксшы Ермахан ­Ибрайымов, желаяқ Ольга Шишигина, Афины олимпиадасының чемпионы, Бақтияр Артаев, Лондон олипиадасының чемпионы Серiк Сәпиев, екi дүркiн Олимпиада чемпионы ауыр атлет Илья Ильин, Мәскеу олимпиадасының чемпионы Сергей Котенко сынды спорт саңлақтары қатысты.

Аңызға айналған тұлғалар Темiртаудағы

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар