1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15971) 9 желтоқсан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 желтоқсан 2014
Батыс тағы жүлдеден қағылды

Таразда бокстан ел чемпионаты аяқталды. Финалға Оңтүстiк Қазақстан облысынан – 6, Ақмола, Жамбыл облыстарынан – 4, Алматы облысы мен Астана қаласынан – 2, Маңғыстау мен Қарағанды облысынан 1 боксшы шыққан-ды.

Бiз өткен нөмiрде батысымыздағы облыстардың боксы өрге баспай тұрғаны жөнiнде (“Бес жылда чемпион шығара алмаған Орал боксы өрге баспай тұр” №94, 27 қараша) жазғанбыз. Таразда өткен биылғы бiрiншiлiкте де Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының спортшылары жеңiске жете алмады. Жеңiске жете алмады деймiз-ау, осы екi облыстың бiрде-бiр боксшысы Қазақстан бiрiншiлiгiнiң жүлдесiн де олжалаған жоқ. Әлем чемпионаты мен жазғы Олимпиада ойындарында топ жарып жүрген құраманың белдi боксшылары биылғы ел чемпионатына қатыспады. Сонда да батыстағы боксшылар Әулиеатадан құралақан қайтты. 
Биылғы Қазақстан чемпионатының жеңiмпаздары 
49 келi Темiртас Жүсiпов (Ақмола облысы)
52 келi Олжас Сәттiбаев (Жамбыл облысы)
56 келi Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы)
60 келi Закiр Сафиуллин (ОҚО)
64 келi Самат Бәшенов (Астана)
69 келi Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)
75 келi Мейiрiм Нұрсұлтанов (Астана)  
81 келi Арман Рысбек (Алматы облысы)
91 келi Алмат Серiмов (Ақмола облысы)
+ 91 келi Руслан Мырсатаев (Алматы облысы) 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар