1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15968) 27 қараша, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 қараша 2014
Голға бай тартыс болды

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiндегi 5-тур ойындары нәтижелi өтiп,   Е тобындағы “Манчестер Сити” өз алаңында мюнхендiк “Баварияны” 3:2 есебiмен ұтты. Айып соққысын голға айналдырған Хаби Алонсоның (40-минутта), әуелеп жеткен ала допты басымен қақпаға сүңгiтiп жiберген Роберт Леван­довскийдiң (45-минутта) голынан кейiн қонақтар арқаны кеңге салғандай көрiндi. 26-минутта пенальтиден есеп ашқан Серхио Агуеро тоқсан минут түгесiлгенше тағы екi гол (85-90-минуттарда) соғып, командасын жеңiске бастады. Бұл топтағы мәскеулiк ЦСКА италиялық “Рома” ойыншыларымен итжығыс түстi. Франческо Тоттидiң 43-минутта соққан голына алаң иелерi негiзгi уақытта қарымта қайтара алған жоқ. Бас төрешi қосқан 3-минутта Василий Березуцкий таразы басын теңшеуге жарады.

F тобындағы каталондық “Барселона” сырт алаңда кипрлiк “АПОЭЛ” клубының қақпасын қақырата 4 гол соқты. Луис Суарестiң 27-минутта соққан голын Лионель Месси үш голмен үстемеледi (38, 58, 87-минуттарда).
Францияда ПСЖ клубына қарсы ойнаған нидерландылық “Аякс” қақпасына Эдинсон Кавани екi гол соқса (33, 83-минуттарда), Златан Ибрагимович 78-минутта үшiншi голды тоғытты. “Аякс” сапынан Дави Классеннiң 67-минутта соққан голы есеп айырмасын қысқартуға ғана жарады.

Н тобында донецкiлiк “Шахтер

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар