1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15968) 27 қараша, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 қараша 2014
Бәрiнiң мақсаты ­– ­“арландарды” алға сүйреу

“Астана арландары” құрылған 2010 жылдан берi бес жыл клубтың бас директоры қызметiн атқарған Болат Манкеновтiң орнына екi дүркiн әлем, Олимпиада чемпионы Серiк Сәпиевтiң тағайындалғаны мәлiм. Болат Тоқтарұлы өз еркiмен өтiнiш жазып, қызметтен кетудiң себебiн “демалыссыз жұмыс iстегендiктен, қажыдым” деп түсiндiрген едi. Бас директордың iзiн ала клубтың бас бапкерi Сергей Корчинский де өз еркiмен қызметiнен кеттi. Корчинский баптаған “арландарды” бұдан былай Марат Жәкиев­ айқасқа қосады.

Жаңадан тағайындалған басшы мен бас бапкерге артылар сал­мақтың зiлмауыр екенi бел­гiлi. “Астана” президенттiк кә­сiби спорт клубына қарайтын “Астана арландарының” басындағы ауыс-түйiстi өткел үстiнде ат ауыстыру деп бағалайтындар да бар. Расында да көз ұшында тұрған бесiншi маусымның басталар шағы қыр астына таяды. Келесi жылдың қаңтарында түңлiгi түрiлетiн маусымға тас-түйiн дайындалу, бұрынғы биiк­тен төмендемеу, қасықтап жинаған абырой-беделдi сақтап қалу жаңа басшыларға оңай жүк емес.
“Арландарды” бес маусым бойы сүйреген Болат Манкеновке, клубтың бас баспкерлiгiн екi жыл абыроймен атқарып, бүкiл­әлемдiк бокс сериясының үшiншi маусымында жеңiстiң асқар шыңына шығарған Сергей Корчинскийге алғыс айтқан орынды.

АИБА-ның коммерциялық жобасы – Бүкiләлемдiк бокс   се­ри­­я­­сы­на (WSB) бес жыл үзiлiс­­сiз қосылған Болат Манкеновтiң командасы алғашқы маусымда финалда сүрiндi, екiншi жолы өз тобынан шығып, жартылай финалға жетiп тоқтады. Үшiншi маусым толайым табысты

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар