1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15962) 6 қараша, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
6 қараша 2014
Спорт ақпарат

ЖIГЕРIН НАМЫСҚА ЖАНЫП...

Жекпе-жек спортында әлемнiң ең беделдi сайысы UFC додасына қатысып жүрген жалғыз қазақ Жұмабек Тұрсын ертең үшiншi айқасын өткiзедi. UFC-дегi алғашқы айқасында филиппиндiк спортшыға есе жiберген Жұмабек екiншi жекпе-жегiнде бразилиялықтың    шеңгелiне түсiп қалған болатын. Бұл жолғы қарсыласы – америкалық Маркус Бримейдж.
Жұмабектiң UFC сайысындағы үшiншi жекпе-жегi Австралияның Сидней қаласында өтедi. 61 келi салмақта сынға түсетiн саңлақтың қарсыласы осал емес. Осы додадағы   алты айқасында төрт рет жеңiске жетiп, екi мәрте ұтылған Маркустiң қолы да, аяғы да жылдам. Ол бұған дейiн 66 келiге дейiнгi салмақта сынға түссе, бұл жолы 61 келiде бағын сынайды.
“Жұмабектiң дайындығы жоғары деңгейде өттi. Алла сәтiн салса, бауырымыз берiлмейдi деп ойлаймын. Ол екi аптаға жуық бiздiң кәсiпқой спорт клубымызда шеберлiгiн шыңдады, одан кейiн Қытайдың астанасында әзiрлiк өткiздi. Бразилиядан джиу джитсудың бапкерiн, Тайландтан тайбокстың маманын арнайы шақыртып тәлiм алды” дейдi Ардақ Назаров.
 
“АЯКС” АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАПКЕРI КЕЛМЕК
Алматыда халық­аралық футбол академиясы ашылады. Салтанатты 16 қараша күнi өтетiн футбол академиясының ашылу рәсiмiне әйгiлi «Аякс» футбол академиясының директоры мен бапкерi құрметтi қонақ ретiнде қатысады. Нидерландыдан келетiн бапкерлер 10-12 жас аралығындағы жеткiн­шектерге шеберлiк сағатын өткiзедi. «Аякс» футбол академиясының тү­лек­терi арасында   әлем футболының ығайы мен сығайы жетерлiк. Йохан Кройф, Марко ван Бастен, Франк Райкард, Эдвин ван дер Сар, Патрик Клюйверт, Кларенс Зеедорф сынды серкелер қанаттанып ұшқан ұядан талай талант талабын ұштады. Осы күнi әлемнiң аузында жүрген Златан Ибрагимович, Уесли Снейдер, Найджел де Йонг, Рафаэль ван дер Варт сынды үздiк ойыншылар – «Аякстiң» “өнiм­дерi”. Осындай даңқты футбол академиясымен әрiптестiк орнатып, тiзе қоса жұмыс iстеу ел футболының өркендеуiне серпiн берсе, шiркiн.    
 
ЕКЕУI ДЕ ҮЗДIК
Бокстан елiмiздiң ұлттық құрамасының бас бапкерi Мырзағали Айтжанов АИБА-ның (халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) үздiк бапкерi деген марапатына ие болды. Осындай құрмет құраманың капитаны Данияр Елеусiновке де бұйырды. Былтыр Алматыда бокстан әлем чемпионаты өтiп, бiздiң жiгiттер айды аспанға шығара жүлденi көсiп алған. Сонда АИБА басшылығы бас бапкер М.Айтжанов пен боксшы Д.Елеусiновтi жылдың үздiгi деп таныған болатын. Екi жыл қатарынан озық шыққан саңлақтарға марапат 24 қарашада Оңтүстiк Кореяның Чеджу қаласында салтанатты рәсiмде табысталады.
 
ЕРТЕ ШЫҚТЫ
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiн­дегi төртiншi тур ойындары өттi. Осы күнгi тартыс қорытындысы бо­йынша екi клуб өзгелерден бұрын плей-офф кезеңiне өтiп алды. Мад­ридтiк “Реал” өз алаңында ағылшының “Ливерпуль” ойыншыларын 1:0 (гол соққан – Кәрiм Бензема 27-минутта) есебi­мен ұтып, плей-офф ке­зеңiне иек артты. Осы В тобындағы екiншi ойын Швейцарияның Базель қаласында өтiп, алаң қожайындары болгарлық “Лудогрец” клубын 4:0 нәтижесiмен тықсырды.
Плей-офф кезеңiне күнi бұрын өтiп қойған екiншi клуб – дортмундтық “Боруссия”. D тобындағы төртiншi ойынын өз алаңында өткiз­ген немiс клубы түрiктiң “Галатасарай” ойыншыларын 4:1 есебiмен ойсырата ұтып, маңызды үш ұпайды қанжығасына байлады. Ағылшынның “Арсеналы” мен бельгиялық “Андерлехт” тартысы 3:3 нәтижесiмен түгесiлдi.
А тобында италиялық “Ювентус” гректiң “Олимпиакос” клубын 3:2 есебi­мен ұтса, испандық “Атлетико” шведтерге қо­наққа барып, “Мальме” клубын 2:0 нәтижесiмен жеңдi.
С тобында ресейлiк “Зенит” футболшылары немiстiң “Байерiн” шi­дерлей алмай, 1:2 есебi­мен жол бердi. Португалдық “Бенфика” мен француздың “Монако” арасындағы тартыс 1:0 есебiмен түгесiлiп, алаң иелерi жеңiске жеттi.
Кеше түнде Е, F, G, H тобындағы клубтар төр­тiншi тур ойындарын өткiздi.    
 
ЖАҒАЖАЙДА ЖАРЫСҚА ТҮСЕДI
Жағажайда өтетiн Азия ойындары 2008 жылдан берi екi жылда бiр мәрте ұйымдастырылып келедi. Алғаш рет Индонезияның Бали аралында өткен жағажай жарысында елiмiзден барған спортшылар 15-орынды мiсе тұтса, 2010 жылы Оманның Мускат қаласында 12-орынға ие болды. 2012 жылы Қытайдың Хайян қаласында 13-орынға табан тiреген едi. Биыл төртiншi мәрте ұйымдастырылған жағажайдағы Азия ойындарына елiмiздiң спортшылары жеңiл атлетика, самбо, еркiн күрес, су добы, шыңға өрмелеу, муай тай, жағажай волейболы (ерлер мен әйелдер), триатлон, қазiргi бессайыс, ашық суда жүзу түрi бойынша жүлдеге таласады. Тайландтың Пхукет қаласында 14-23 қараша аралығында өтетiн құм үстiндегi құрлық сайысында спорттың 26 түрiнен 169 медаль жиынтығы бөлiске салынады. Бiздiң елден баратын 63 атлет 10 спорт түрiнен аламанға қосылмақ.
Дайындаған Қуаныш Бажақ.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар