1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15959) 28 қазан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қазан 2014
Айта жүретiн белдесу өттi

Ең алдымен, Қазақ күресi федерациясының президентi Арман Шораев бастаған ұйымдастырушы азаматтарға, төрешiлер қауымына алғысымды айтамын. “Әлем барысы” әлемдiк деңгейде өттi. 35 елден спортшыларды шақыртқан соң олар таңдай қағатындай сайыс ұйымдастыра алмасақ елдiгiмiзге сын болатын едi. Өзiмiз де 25 жылдай қазақ күресiнен жастарды баулып бапкерлiк салада еңбек еттiк. Бiз төл спортымыз – қазақ күресiнен осындай әлемдiк деңгейдегi сайыстың өтуiн армандадық, күттiк. Құдайға шүкiр, қазақ күресi бұл күнде кеңiнен қанат жайып, өркендеп келедi.

Қанға сiңген спорт болғандықтан, “Әлем барысын” теледидардан тапжылмай тамашаладым. Балуандарымыз бабында болса, тез шаршап қалмас едi. Бейбiт Ыстыбаевтың да, Айбек Нұғымаровтың да салмағы артып кеткен. Алғашқысы 145 келi, екiншiсi 141 келi тартады. Ау, бұлар маусым айының соңында ғана өткен биылғы “Қазақстан барысы” турнирiнде 130-135 келi тартқан жоқ па? Сонда олар жаздан берi ешқандай жаттығу жасамай тек салмағын арттыруға күш салған ба? Техникалық, физикалық дайындығы да кем соқты. Сосын бiздiң балуандар бiр әдiс қолданып, ұпай еншiлеп алсам болды деген мақсатпен күресетiнiн көрсеттi. Ұпай олжалаған соң уақытты созып жүрiп алды. Финалға шыққан Айбек Нұғымаров кубалық Брайсон Видалға қарсы күрескенде жам­бас­қа салып лақтыру әдiсiн бiр рет қолданып көрмек болып едi, жағадан ұстаған қолы шығып кеттi. Осы әдiстi ол екiншi мәрте қайталап жасаймын деп тұзаққа түсiп қалды. Қазақ күресiнде әдiс-айла, тәсiл тек жамбасқа салып лақтыру ғана емес қой. Егер Айбек жамбасқа салып лақтыра алмасын бiлiп, басқа әдiстi қолданғанда мүмкiн басқаша өрбитiн бе едi.
Жiгiттерiмiзде шаршау басым екенiн өзгелер ұтымды пайдаланып кеттi. Өзi 160 келi тартатын Брайсонның 141 келi салмақтағы Нұғымаровты шалып емес-ау, кеудесiнен асыра лақтыруы қазақ күресiнiң бекзада спорт түрi екенiн әйгiлегендей. Келесi жылы да “Әлем барысына” қатысатын балуандардың саны артып, бәсеке де қыза түседi.
Балуандарымыздың жеңiл­ге­нi спортшыларымызға да, бапкерлерге де сабақ болды. Бiз “Әлем барысы” атануымыз үшiн елiмiзде түйе балуандар мек­тебiн ашуымыз керек. Жыл сайын оқу-жаттығу жиынын жиi өткiзбеген соң бап кем соқпай қайтедi? Егер бiзде түйе бал­уандар орталығы ашылып, бiлiктi бапкерлер мен мамандар сүйегi iрi, салмағы ауыр алыптарды жаттығуға аямай салып, бабын келтiргенде ғана балуандарымыз кiлемде жата кететiн жер iздемей соңғы секундқа дейiн белдесетiн дәрежеге жетедi.
 
Оңалбек Әуелбеков,
Алматы қаласы. 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар