1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15959) 28 қазан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қазан 2014
“Әлем барысы” – қазақ күресiн әлемге танытатын дода

Сайлау БАЙБОСЫН, Павлодар қаласы

25 қазан күнi Павлодар қаласындағы “Астана” мұз сарайында қазақ күресiнен “Әлем барысы” турнирi өткенiнен ел-жұрт хабардар. Қазақ күресi федерациясының президентi Арман Шораевтың ұсынысымен қолға алынып, спорт сүйер қауым қуана қолдаған “Қазақстан барысы” жыл сайын жоғары дәрежеде өтiп келедi. Сондай-ақ, былтырғы жылы Тараз қалысында “Еуразия барысы” турнирi ұйымдастырылды. Биыл мiне, әлемдiк деңгейде өтiп отыр.
Айтулы дода Астана мен Алматы қалаларының бiрiнде емес, неге сонау қиырдағы Павлодарда өттi деген сауал да көлденең қойылған. Жарысты ұйымдастырушылардың бiрi Арман Шораевтың айтуынша, әлемдiк турнир­дiң Павлодарда өту себебi, қазақ ұлтының шоғыры селдiр аймақтағы елдiң қазақ күресiне деген ықыласын ояту екен. Дегенмен спорттан азды-көптi хабары бар адамдардың айтуынша, бұған басты себеп аймақ басшысы Қанат Бозымбаевтың өзi болса керек. Кезiнде Жамбыл облысының әкiмi қызметiн атқарғанда Тараз қаласында “Еуразия Барысын” өткiзуге де мұрындық болып едi бұл азамат дейдi бiлетiндер. Әйтеуiр, кiм себеп болса да, бұл турнир тек павлодарлықтар ғана емес, жалпы аймақ, бүкiл ел үшiн естен кетпес оқиға болғаны анық.
Халқымыздың “күш атасын танымайды” деген нақылы дәл осы қазақ күресiне арнап айтыл­ған секiлдi. Себебi бұл жерде сенiң салмағың мен бойың есепке алынбайды. Жеребе тартқанда кiм тап келсе, сонымен бел­десесiң. Бағың жанып, әдiс-айлаң асып тұрса, ол алып болса да атып ұрасың. Шамаң келмесе, тiзе бүгесiң. Осының ай­ғағындай, әлемнiң 35 елiнен жиналып, боз кiлемде бақ сынас­қан 36 балуанның салмақ дәре­жесi мен дене бiтiмдерi әрқилы. Мысалы, балуандардың iшiндегi ең жеңiлi иорданиялық Ахмад әл-Башабшек Ахмад Бассамның бойы – 178 см, ал салмағы 83 келi ғана болса, осы жарыстың бас жүлдесiн алған кубалық Оскар Брайсон Видал одан тура екi есеге ауыр, салмағы – 160 келi, бойы – 192 сантиметр.

Сонымен салтанатты ашылудан соң алғаш

 

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар