1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15958) 23 қазан, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 қазан 2014
Спорт ақпарат

БЕС ГОЛ СОҚҚАН ЕКIНШI

Сейсенбiден сәрсенбiге ау­ған түнi УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңiнiң үшiншi айналым ойындары өттi. Еуропаның сегiз қаласында өткен тартыста гол “шелектеп жауды”. Әсiресе, “Е” тобындағы “Рома” мен “Бавария” ойынында “немiс мәшинесi” 7 гол соққан соң ғана дамыл тапты. Римде өткен ойында немiс­тер бiрiншi таймда-ақ есептi 0:5-ке жеткiзiп, екiншi тайымда екi голды тағы үстемеледi. Сең соққандай сансыраған алаң иелерi 66-минутта бiр гол соғуға ғана жарады. Рома УЕФА чемпиондар лигасының тарихында дәл осылай iрi есеппен ұтылып, өз қақпасына жетi голды осыдан жетi жыл бұрын өткiзген-дi. Ағылшынның “Манчестар Юнайтед” клубына 2007 жылы 7:1 есебiмен есе жiберген болатын.
Үшiншi айналымдағы ойында жетi гол “БАТЭ” мен “Шахтер” арасындағы айқаста да тiркелдi. “Н” тобында iркес-тiркес тұрған екi клуб үшiн де үш ұпай маңызды болған. Украиналық “Шахтер­дiң” мергенi Луис Адриано осы ойында бес гол (!) соқты. Екi рет пенальтиден, үш голды ойын барысында тоғытты. Жалпы, УЕФА Чемпиондар лигасының тарихында бiр ойында бес гол соғып, пента-триктiң иесi атанған футболшы Месси ғана. 2012 жылы “Байер” қақпасына бiр өзi бес гол соғып, тарихтың жылнамасына жаңалық ашқан болатын. Араға екi жыл салып Луис Адриа­но да пента-трик орындаған екiншi футболшы деген атаққа кенелдi.
Қалған ойындар нәтижесi төмендегiдей. “Е” тобы ЦСКА (Ресей) – “Манчестер Сити” (Ұлы­британия), 2:2; “Ғ” тобы. “АПОЭЛ” (Кипр) – ПСЖ (Франция), 0:1; “Барселона” (Испания) – “Аякс” (Нидерланды), 3:1; “G” тобы. “Шальке” (Германия) – “Спор­тинг” (Португалия), 4:3; “Челси” (Ұлыбритания) – “Марибор” (Словения), 6:0; “Н” тобы. “Порту” (Португалия) – Атлетик (Испания), 2:1.
Топтық кезеңнiң үшiншi айналымындағы қалған ойындар кеше түнде өттi.
 
АЛТЫ ЖҮЗДЕН АСА
Алматыда өтетiн ауыр атлетикадан әлем чемпионатына әр қиырдан 633 атлет қатысады. Әрбiр ел негiзгi 15 спортшысынан тыс қосалқы құрамға 4 атлетiн қосуға құқылы. Ұлттық құрамамыздың бас бапкерi Алексей Ни негiзгi құрамға енетiн спортшылар мен қосалқы құрамға қосылған саңлақтардың тiзiмiн жария етiп, әлем чемпионатынан екi алтын алуды көздейтiнiн айт­қан. Бапкердiң басты “көзiрi” – екi дүркiн әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының жеңiм­пазы Зулфия Чиншанло мен үш дүркiн әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының екi мәрте жеңiмпазы (Бейжiң – 2008, Лондон – 2012) Илья Ильин.
Әлем чемпионатына Беларусь, Колумбия, Қытай, Эквадор, Үндiстан, Германия, Италия, Жапония, Польша, Ресей, Түркия, Украина, АҚШ, Египет елi де толық құрамдағы құрыш бiлек таукөтергiштерiн алып келмек.
 
АЛДЫМЕН АТАҒЫН ҚОРҒАЙДЫ
WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтың чемпионы Геннадий Головкин 18 қазанда АҚШ-та мексикалық Марко Антонио Рубионы екiншi раундта сұлатып, оған тиесiлi WBC тұжырымының уақытша чемпионы деген атағын иеленген-дi. Бұл тұжырым бойынша әлемнiң үздiгi – пуэрторикалық Мигель Котто. Головкин Мигельмен жекпе-жекке түсуге әзiр екенiн қашанда айтып жүр. Бүкiләлемдiк бокс кеңесiнiң президентi (WBC) Маурисио Сүлейман Котто Головкинмен шықпас бұрын өзiнiң атағын қорғап, бiр рет жекпе-жекке түсуi тиiс дедi. Ендi Котто мексикалық Сауль Альвареске қарсы тұрып, чемпиондық атағын қорғайды. Содан кейiн ғана жерлесiмiзбен айқасам десе, рұқсат.
 
ҰРҒАНЫ ҮШIН ӨМIР БОЙЫ...
Бокстан жастар арасындағы Еуропа чемпионаты Хорватияның Загреб қаласында өтiп, күллi хорват халқы ұятқа қалды. Бар айып – боксшы Видо Лончарда. Лончар литвалық Альгирдас Баниу­лиске қарсы жекпе-жекке түсiп, екi боксшының айқасына поляк Магей Дзюрго төрелiк еткен-дi. Хорват боксшысы нокдаун алды деген қазы айқасты бiр емес екi мәрте тоқтатып, саусағын жазып санай бастайды. Ақыры жарысты жалғастыруға болмайды деп шешедi. Бұған наразы болған Лончар жерлестерiнiң алдында күйiнiп кетсе керек, қорғанып үлгермеген төрешiнi сабай жөнеледi. Жеңiске жеткен литвалық Баниулис бiр сужүрек екен, ара түсудiң орнына рингтi тастап қаша жөнелген. Еуропа чемпионатына төрелiк етуге келiп, аурухана төсегiнен бiр-ақ шыққан Дзюргоның жағдайы қалыпты деп жазды The Guardian басылымы. Оспадар әрекетi үшiн Лончар боксты 18 жасында өмiрлiкке доғарады. “Ұят болды, Еуропа чемпионатын жоғары деңгейде өткiзуге бар күшiмiздi сарқа жұмылып едiк, тiрнектеп жинаған абыройды бiрнеше секундта Видо жазған төгiп кеттi” деп күйiнген Хорватия бокс федерациясының президентi Марко Марович тентегiне осындай айып тағылғанын мәлiм еттi.
 
ЕКI ЖЫЛ ЖҮЗБЕЙДI
Жүзуден елiмiздiң ұлттық құрамасының мүшесi, Азия чемпионатының жеңiмпазы Эльмира Айғалиеваның қанынан тыйым салынған препарат табылды деп хабарлайды 24.kz Айғалиева шiлде айында Беларусь елiнiң ашық чемпионатына қатысқанда тесттен өткен. Ендi халықаралық жүзу федерациясы Эльмира Айғалиеваны екi жыл спорттан шеттетедi. Шешiм күшiне енсе, жерлесiмiз 2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатыса алмайды.
 
ҮЗДIКТIҢ ҮМIТIН ҮЗДI
Швейцарияның Базель қаласында теннистен жүлдеге 1,5 миллион еуро тiгiлген сайыс басталды. Алғашқы айналымда Михаил Кукушкин АТР рейтингiнiң 4-сатысында тұрған швейцариялық Стэн Вавринканы үш сетте тiзерлеттi. Әлемдiк рейтингтiң 84-сатысы бұйырған Кукушкиннiң келесi қарсыласы – немiс теннисшiсi Бенжамин Беккер.
Дайындаған Қуаныш Бажақ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар