1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (15958) 23 қазан, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
23 қазан 2014
Жағдайына қарамай жеңiс күтемiз

Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында өтiп жатқан Параазия ойындары ертең мәресiне жетедi. Елiмiзден барған спортшылар кемiнде 2 алтын медаль олжалауды межелеген-дi. Әзiрге уысымызға түскен алтын – бiреу.

Жүзуден Әнуар Ахметов Параазия ойындарының жеңiмпазы атанды. 100 метр қашықтыққа шалқалай жүзуде жерлесiмiз бәсекелестерiнiң бәрiн шаң қаптырып, қоржынымызға алтын медаль салды. Әдiл 50 және 400 метр қашықтыққа еркiн әдiс бо­йынша жүзуде екi мәрте күмiс жүлденi де олжалаған. Көру қабiлетi нашар спортшылармен сынға түскен тағы бiр спортшымыз Виталий Ли 50 метрге еркiн әдiспен жүзу бағдарламасында қола жүлде алды. Жүзу спортынан Мансұрбек Ибрашевтың да еншiсiне қола медаль бұйырды. Ал мүгедек арбасына отырғандардың билеу сайысында Ардақ Отарбаев, Айдана Бегланова Параазия ойындарының қола жүлдегерi атанды. Жеңiл атлет Сергей Харламов 200 метрге жүгiруде қола жүлденi еншiледi.  
Бұл сынға елiмiзден 84 спортшы аттанып, спорт басшылары Инчхоннан 20 медаль аламыз деп жоспарлаған-ды. Нәтиже бұдан да жақсы болатын едi, егер бiздiң елде зағип споршылардың алаңсыз жаттығуына мүмкiндiк молынан жасалғанда.
Жасыратыны жоқ, тағдыры соқтықпалы-соқпақты кембағалдардың ғана емес, қол-аяғы бал­ғадай, денi-қарны сау спортшыларымызға қажеттiнiң бәрi бар деп айта алмаймыз. Неге тәу­елсiздiк алған 23 жыл iшiнде күрес түрлерiнен қазақ баласы жазғы Олимпиада ойындарында алтын медальдi еншiлей алмай жүр? 1996 жылы Атланта олимпиа­дасында Юрий Мельниченко жеңiске жеттi, содан берi бiрде-бiр балуанымыз Олимп шыңына шыға алған жоқ. Еркiн күрестен тiптi Қазақ спортының тарихында әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңiмпазы атанған қазақ балуанын емге таппайсың.

Грек-рим, еркiн, әйе

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар