1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15953) 7 қазан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 қазан 2014
Төрiң қашанда қазақтiкi, Азия!

Оңтүстiк Кореяның рингiнде бiздiң боксшылар аспаннан алтын жаудырды! Ешқандай да әсiрелеусiз, асыра мақтаусыз тура мағынасында осылай деуiмiзге ешкiм қарсы дау айта алмайды.

1994 жылы Хиросимада өткен жазғы Азия ойындарында (Жапония) 2 алтын, 1 күмiс, 2 қола ал­дық, 1998 жылы Бангкокта (Тайланд) 3 алтын, 1 күмiс,    1 қола. 2002 жылы Пусанда (Оңтүстiк Корея) 2 алтын, 3 күмiс, 2 қола. 2006 жылы Дохада (Катар) 1 алтын, 2 күмiс, 3 қола. 2010 жылы Гуанжоуда (Қытай) 2 алтын, 2 күмiс, 1 қола. Ал ендi ыстығы әлi басылмаған Инчхонда (Оңтүстiк Корея) он жетiншi мәрте ұйымдастырылған жазғы Азия ойындарында бiздiң нояндар 6 алтын (!) 1 күмiс, 1 қола медальдi кеудемiз­де жарқыратты. Осы күнге дейiн де Азия құрлығының қандай жарысы болмасын боксшыларымыз бос қайтып көрген емес. Азия чемпионатында талай рет жалпыкомандалық есепте топ бастады. Алғысымызды неге аянып қаламыз? Олар   төрт жылда бiр соғатын жазғы Азия ойындарында ортекедей ойқастап, мол олжаға кенелттi емес пе!
Бас бапкерлiкке 2009 жылы 39 жасында бекiтiлген Мырзағали Айтжанов “Бiз әлi қазақ боксының өрге басатынын дәлел­деймiз” деп едi. Азамат айтқанын орындады. Құланұлы баптаған ұлттық құрама 2012 жылы Лондон олимпиадасынан 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола жүлдеге қоса ат басындай “Вэл Баркер” кубогын алып келдi. Былтыр Алматыда өткен әлем чемпионатында да даңқымыз жер жарды.
Абыройлы қызметтi 5 жыл тiзгiндеген Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлердiң тынымсыз еңбегi бiздi Азияның төрiне шығарды. Әрқашан биiгiмiзден төмендемейiк. Ендiгi меже – әлем боксшыларының алдында үстемдiк құру. “Бокстан әлемде бiрiншi держава – Куба” деген қағидаға айналған түсiнiктiң тас-талқанын шығару осы қыран көңiл жiгiттер мен үлкен жүректi бапкерлердiң қолында.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар