1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15948) 18 қыркүйек, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 қыркүйек 2014
Тұрсынғали Едiлов, бапкер: Сиднейде бес қазақ финалға шығатын едi

Тұрсынғали Едiловтiң есiмi аталғанда баршаның көз алдына ғасырлар тоғысындағы толағай табыс көлбейтiнi анық. Иә, 2000 жылы Австралия атырабында қазақ оғландары олжа салып, дүйiм елдiң боксшыларын баудай түсiрiп, Олимпиаданың алтын-күмiсiн көсiп алған. Осынау зау биiкке бiздiң жiгiттердi бастап шыққан бапкер Тұрсынғали Едiлов – бұл күнде Алматы облысы боксшыларының бас бапкерi.

Тұрсағаңмен «Көк базарда» әлденеше рет ұшырастық. Сөйтсек, Алматы облысының боксшылары «Медеу» спорт кешенiнде жаттығу жиынын өткiзiп жатқандықтан шәкiрттерiме нәр берсiн деп бапкер күнде таң алакеуiмнен Алатаудың етегiне түсiп, базардан боксшыларға жемiс-жидек алып қайтуды дағдыға айналдырыпты.
«Отқа қайта түскiм келмедi»
– Аға, алғашқы сауалды ауылдағы бокс үйiрмесiнiң жағдайына байланыстыра қойсам. Бiрер жыл бұрын өзiңiз туып-өскен Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылында үйiрме ашпаққа бел шеше кiрiскенiңiздi бiлемiз.
– Бокс залын ашып, рингтi құрып, балалардың жаттығуына қажеттi құрал-жабдықтарды да жеткiзiп бердiм. Алғашқы бапкер жалақының аздығын желеу етiп iстегiсi келмедi. Себебi аудан орталығы Шонжыдан Тасқарасуға қатынауға жалақысы жет­педi. Оның орнына қазiр сол ауылдың баласы бапкер болып жүр. Ара-тұра Алматыға оқу-жаттығу жиындарына шақыртып жүрмiн. Бiлiктi бапкерлерден тәлiм алып, бапкерлiкке тәп-тәуiр төселiп қалды. Балалардың да ынтасы жақсы. Алла жазса, тасқарасулық балалар да болашақта қазақтың мерейiн асырады деп сенемiн.
– Сидней олимпиадасына толық құраммен бармай жетi боксшы апардыңыз да, 2 алтын, 2 күмiс жүлдемен оралдыңыз. Бiрақ толайым табыспен келген соң бас бапкерлiк қызметтен шет­теттi. 2004 жылы Афины олимпиадасында пешене­мiзге бiр-ақ алтын бұйырды. «Афины олимпиадасынан ке­йiн Тұрсынғали Едiловке қайта бас бапкерлiк қызметтi ұсыныпты» дейдi. Не себептi бас тарттыңыз? Жасыңыз 45-те болды.

– Сол жылдары барлық спорт түрлерiн спорт комитетi

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар