1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (15943) 6 қыркүйек, сенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қыркүйек 2014
Қазақтың қыздары сұлу, спортта саңлақ

Тайпейде 19 жасқа дейiнгi жастар арасында волейболдан Азия чемпионаты өтiп, елiмiздiң жастар құрамасы нәтижелi ойын өрнегiн көрсете алмай      17-орынды мiсе тұтты. Жастарымыз жүлде алмағанымен, Ақтөбеде туып, бұл күнде Алматының волейбол клубында ойнайтын Сабина Алтынбекова “турнирдiң ең сұлу ойыншысы” деген арнайы марапатты қанжығасына бөктерiп қайтты.

Мiне, осы Азия чемпионаты мәресiне жеткенде Қытайдың баспасөзi мен телеарнасы бiрiн­шiлiкте жеңiске жеткендердi емес, қазақ қызының айдай сұлулығына тамсанғанын жарияға жар салды. Әп-сәтте танымал болып шыға келген Сабина Алтынбекованың жуырда шағын сұхбатын оқып разы болдым. “Мен бимен шұғылдана жүрiп, волейбол спортын да меңгердiм. Кейiн түбегейлi волейболды дамытуға күш салуды көздеп, осы жолды таңдадым. Оған еш өкiнбеймiн. Тайпейде өткен Азия чемпионатынан кейiн маған Қытайдағы алпауыт компаниялардың жарнамасына түсуге ұсыныс түстi. Бiрақ маған ең маңыздысы – елiмнiң абыройын байрақты додаларда асқақтату. Сол биiкке жету үшiн 10 жылға дейiн тұрмысқа шықпаймын деп жоспарлап қойдым. Өйткенi спортта жоғары нәтижеге же­туiм керек. Межелеген шыңға шықпай тұрмыс құру туралы

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар