1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15939) 21 тамыз, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 тамыз 2014
“Чемпиондар айқасына” кубалықтар күштi құраммен қатыспақ

“Арландар” да “азуын” аямай батырмақ

Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) былтырғы маусымында жеңiске жеткен елiмiздiң “Астана арландары” клубы мен осы жобаның биылғы жеңiмпазы “Куба қабыландары” (Cuba Domadores) боксшылары арасындағы “чемпиондар айқасы” 9-10 қыркүйек күндерi Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде өтедi. Азулы екi клуб боксшыларының айқасын өткiзуге мұрындық болған – Қазақстан бокс федерациясы мен “Астана” президенттiк кәсiби спорт клубы.
 
“Астана арландары” клубының бас бапкерi Сергей Корчинский мен “Куба қабыландарын” баптайтын Роландо Асебаль тартысқа қатысатын боксшылардың тiзiмiн түздi. Дегенмен екi бапкер де осы сайысқа тiзiмге енбеген боксшыларын да шығаруы мүмкiн. Өйткенi тартыстың өтуiне әлi үш аптадай уақыт бар. Жаттығу жиынында спортшылардың қабiлет-қарымы, әзiрлiгi, бабы сыналады. Додаға сақадай-сай тұрса, жекпе-жекке түседi, ал дайындығы кем соқса, басқа боксшыға сенiм артылады.
Оқырмандарымызға сайысқа қатысуы мүмкiн делiнген “арландар” мен “қабыландарды” жақынырақ таныстыра кеткендi жөн көрдiк.  
10 салмақ дәрежесi бойынша жұдырықтасатын боксшылардың арасында әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жеңiмпазы сынды құрмет-қошеметке ие саңлақтар аз емес Олар әсiресе, Кубаның клубында өте көп. Сонымен.

49 келi. Мардан Берiкбаев – Йосбани Вейтиа Сото. Төртiншi маусымда кубалықтар мен “арландар” “В” тобында сайысқа түсiп, ақпан айында Гаванада өткен   тартыста “арландар” 5:0 есебiмен тiзе бүктi. Сол сында 49 келiде Йосвани Вейтиаға қарсы Темiртас Жүсiпов жұдырықтасып, төрешiлердiң шешiмi бойынша жеңiлген-дi. Әуесқойлар арасында

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар