1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15937) 14 тамыз, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 тамыз 2014
Спорт ақпарат

САТЫЛЫМҒА ТҮСЕДI

21 тамыз күнi елордадағы “Астана Арена” стадионында өтетiн Еуропа лигасының плей-офф кезеңiндегi испандық “Вильярреал” мен “Астана” айқасының билеттерi 16 тамыздан бастап сатылымға түседi. Төрт категорияға бөлiнiп сатылатын билеттiң ең қымбаты – 3 мың теңге. Жайғасқанға жайлы, жұмсақ орындықтары бар W3- W7 секторларының билетi 3 мың теңгеден сатылса, стадионның батысы мен шығысындағы қарапайым орындықпен жабдықталған орындар – 2 мың теңге. Екiншi қабаттан көремiн деушiлер стадионға кiру үшiн бiр мың теңге төлесе, жеткiлiктi. Ал ойынды көргенге қолайсыз қақпа артынан тамашалаймын десеңiз, 500 теңге төлейсiз.  
 
ФРАНЦУЗДАРДЫҢ БАСЫН ҚАТЫРДЫ
Норвегияның Тромс қаласында шахматтан бүкiләлемдiк олимпиадаға қатысқан елiмiздiң қыздар командасы жоғары нәтижеге қол жеткiздi. Гүлысхан Нақбаева, Динара Сәдуақасова, Мәдина Дәулетбаева, Гүлмира Дәулетова төрттiгi шахмат олимпиадасының 10-турында тегеурiндi Франция қыздарын ұтты. Жетi рет жеңiп, бiр мәрте тең түскен, екi жеңiлiсi бар қазақ қыздары жалпы есепте 5-орында келедi.
Қыздардың қабiлетi жiгiттерiмiзден жоғары болып тұр. Құрамында Әнуар Ысмағамбетов, Рустам Хуснутдинов, Петр Костенко, Павел Коцур бар елiмiздiң ерлер құрамасы Испания шахматшыларының шырмауынан шыға алмай қалды.
Бүкiләлемдiк шахмат олимпиадасына әлемнiң әр қиырынан келген 310-нан аса команда мүшелерi шеберлiгiн сынап жүр.
 
АЛТЫНҒА НЕГЕ ӘУЕС ЕМЕСПIЗ?
Күрес түрлерiнен ересектер арасындағы әлем чемпионатының басталуына да санаулы күн қалды. 8-13 қыркүйек аралығында Ташкент шаһарының төрiн дү­бiрге бөлейтiн күрес бәйге­сiнде белдесуге түсетiн балуан­дардың тiзiмi нақтыланды.
Алғаш рет жаңа ереже бойынша бұрынғыдай 7 салмақ емес, 8 салмаққа бө­лiнiп, жүлдеге таласатын балуандардың аты-жөнiн оқы­ғанда, армандайтының бел­гiлi – қазақ баласы әлем чемпионы атанса.
Шәмiл Серiков, Жақсылық Үшкемпiров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Бай­сейiтов асқан биiкке кейiнгi толқынның жақындай алмай, етектен қайтып жүргенi жанымызға бататыны рас. Еркiн күрестен есемiздiң кетiп жүргенiне жарты ға­сырдан асты, әлi бiрде-бiр қазақ баласы әлем чемпионатының алтын медалiн кеудесiнде жарқырата алған жоқ. Грек-рим күресiнен соңғы рет 1998 жылы Бақтияр Байсейiтов әлем бiрiн­шiлiгiнiң алтын медалiн иелендi. Арада 16 жыл сырғып, саңлақтар салған соқ­пақ жолдың есiмiзде қалған сорабы да көне тартып барады.
Әлем бiрiншiлiгiнiң екi дүркiн қола жүлдегерi, қарағай кеуде Нұрмахан Тiнә­лиев бастаған жампоздар жерге қаратпайтынына қа­лың ел бек сенiмдi. Лондон олимпиадасында жүлде iлген Даниял Гаджиев те дер шағында. Ербол Қоңы­ратов, Айбек Еңсеханов сынды балуандар да бабында болса, Ташкент төрiнен құралақан қайтпайтынымыз­ға сенiм кәмiл.
Қыздарымыз да, Лондон олимпиадасының қола жүл­дегерi Ақжүрек Таңатаровтай саңлағы бар еркiн күрес құрамасының мүшелерi де жүктелген жауапкершiлiктiң салмағын сезiнсе, белдесуде берiле салмасы анық.
 
СУПЕРКУБОКТЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ СҮЙДI
Уэльстiң “Кардифф Сити Стэдиум” стадионында УЕФА суперкубогы үшiн мадридтiк “Реал” мен “Севилья” тартысқа түсiп, 2:0 есебiмен корольдiк клуб жеңiске жеттi. Ойында соғылған екi голдың да иесi – Криштиану Роналду. Осылайша ол еурокубоктық ойындарда соққан голының санын 70-ке толтырып, итальяндық Филиппо Индзагидi қуып жеттi. Роналдудың еурокубоктық ойындарда соққан голының санын арттыра түсуiне мүмкiндiгi де, әлеуетi де, қабiлет-қарымы да жетедi. Тiптi еурокубоктық ойындарда 77 гол соғып, рекорд жасаушы Раульдiң жетiстiгiн жаңартып қана қоймай, зау биiкке көтерiлемiн десе де өз қолында.
Айтпақшы, бұл ойында “Реалдың” бас бапкерi Карло Анчелотти негiзгi құрамның мүшесi ретiнде қатарға жаңа қосылған Тони Кроос пен Хамес Родригестi де дүбiрге салып, томағасын сыпырды. Екi футболшы да жаңа ортаны жатырқаған жоқ. Шабуылшы Хамес бiрнеше рет қақпаны да көздедi, ұрымтал сәтте оңтайлы пас та бердi. 
30, 49-минуттарда гол соққан Роналду: “УЕФА суперкубогын бұрын-соңды иеленiп, дәл бұлай шаттыққа кенелгем жоқ”, – дедi.
Мадридтiк “Реал” суперкубокты алғаш рет 2002 жылы олжалағанда, голландиялық “Фейеноорд” футболшыларын ұтқан-ды.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар