1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (15936) 12 тамыз, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 тамыз 2014
Спорт ақпарат

ОНЫ АТҚА ҚОНАДЫ

19 қыркүйекте түңлiгi түрiлiп, 4 қазанда мәресiне жететiн жазғы Азия ойындарына (Корея, Инчхон) баратын боксшылардың есiмi белгiлi болды. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов төрт жылда бiр айналып соғатын құрлықтың басты додасына мына боксшыларды қосады:
Бiржан Жақыпов, 49 келi. Әлем чемпионы (2013), әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi (2005). Бiржан 2010 жылы Қытайда өткен жазғы Азия ойындарында күмiс жүлде алған болатын.
Iлияс Сүлейменов, 52 келi. Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi (2011).
Қайрат Ерәлиев, 56 келi. Әлем чемпионатының қола жүлдегерi (2013).
Берiк Әбдiрахманов, 60 келi. Әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi (2013), Азия чемпионы (2013).
Айдар Әмiрзақов, 64 келi. Азия чемпионы (2011).
Данияр Елеусiнов, 69 келi. Әлем чемпионы (2013), жазғы Азия ойындарының (2010), Азия бiрiншiлiгiнiң жеңiмпазы (2013).
Жәнiбек Әлiмханұлы, 5 келi. Әлем және Азия чемпио­натының жеңiмпазы (2013).
Әдiлбек Ниязымбетов, 81 келi. Әлем бiрiншiлiгiнiң екi дүркiн (2011, 2013), Лондон олимпиадасының күмiс жүлдегерi (2012), Азия чемпионы (2013).
Антон Пинчук, 91 келi. Азия чемпионы (2013).
Иван Дычко, 91 келiден жоғары салмақ. Әлем бi­рiншiлiгiнiң қола, күмiс жүл­дегерi (2011, 2013). Лондон олимпиадасының қола, (2012), жазғы Азия ойындарының күмiс жүлдегерi (2010).
 
ҚЫРАН ҚАЗАҚ ҚАРСЫЛАСЫН ҚАЙМЫҚТЫРДЫ
Қандасымыз, бұл күнде кәсiпқой бокста олжа салып жүрген оғлан Қанат Ислам кезектi жеңiсiн қанжығасына байлады. Колумбия рингiнде жергiлiктi Фидель Монтерросаны тартыстың соңына дейiн сүйреген жоқ. Раунд сайын шиыршық атып, зiлмауыр соққыларымен сiлейте сабаған Қанаттың екпiнiне колумбиялық боксшы бес раунд қана шыдас бердi. Қарсыласының пұшайман күйiне жаны ашыса керек, төрешiлер айқасты тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңiстi қазақ боксшысына бердi.
Қанат кәсiпқой боксқа ауысқан азғана жылдың iшiнде 18 жекпе-жек өткiзiп, барлық қарсыласын жеңдi. 15 айқасын нокаутпен аяқтады.
 
ҚЫЗДАРДЫҢ МЕДАЛI 
Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерiнен жастар арасында әлем чемпионаты өттi.
Ел намысын қорғаған қыздарымыз хорват кiлемiнде белдесуге түсiп, екi медаль еншiледi. Екатерина Ларионова (63 келi) алғашқы белдесуiнде канадалық қарсыласы Огунжими Темитопенi айқын басымдықпен жыққан соң түрiк Бусе Тосынды, поляк Крол Агнешканы, жапон Кива Сакайды, жеңдi. Финалда ресейлiк Любовь Овчаровадан жеңiлдi.
72 келiде Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесiн иелендi.
 
КЕРI ҚАЙТТЫ
Еуропа лигасының үшiн­шi iрiктеу раундының қа­рымта ойынын сырт алаңда өткiзген қарағандылық “Шахтер” ойыншылары Хор­ватиядан қайтты. “Хай­дуктi” Қарағандыда 4:2 есебiмен ұтып, жағасы жайлауда жүрген кен­шiлердiң көңiлi қақпасына жауапсыз 3 гол тоғытылғанда су сепкендей басылды.
Екi гол айырмасымен басым тұрғанды малданды ма, Виктор Кумыковтың шәкiрттерi ойын бастал­ғаннан өршелене шабуылдаған жоқ. Есесiне, хорватиялықтар күшейiп, Сушич 14-минутта есеп ашты. 37-минутта Маглица, 90-минутта Готаль гол соғып, “Хайдук” Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне өттi.
 
ЖАРЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
АҚШ-та өтiп жатқан WTA сериясындағы халықаралық турнирге қосылған қазақстандық теннисшiлерден тек Зарина Дияс қана жарысты жалғастыру мүмкiндiгiн сақтап қалды. Ол әлемнiң 15-ракеткасы румын Моника Никулескудi екi сетте сайыстан ығыстырды.
Ярослава Шведова күтпеген жерден америкалық Николь Гиббстен ұтылып қалса, Юлия Путинцева немiс Бартель Монадан аса алмады.
 
АЛАМАННАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ
УЕФА чемпиондар лигасының iрiктеу ойындарын тәп-тәуiр бастап, грузиндiк “Динамо Тбилисидi” ығыстырып, жарысты жалғастырған “Ақтөбенi” румындық “Стяуа” тоқтатты. Iрiктеу раундының қарымта ойынын Бухарестте өткiзген ақтөбелiктер 1:2 нәтижесiмен есе жiбердi. Кипчу 3-минутта есеп ашса, Станчу 39-минутта нәтиженi еселеп бердi. “Ақтөбе” футболшылары дүркiн-дүркiн шабуылдағанымен, ештеңге өндiре алмады. Тiптi Кападзенiң 85-минутта соққан голы да нәтиже әкелмедi.
Үшiншi iрiктеу раундының алғашқы ойынын Ақтөбе қаласында өткiзгенде ақтөбелiктер “Стяуа” клубын ұта алмай, 2:2 тең түскен болатын. Осылайша екi ойынның нәтижесiмен бухарестiк клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiне шықты.
Айтулы аламаннан шет қалған “Ақтөбе” ендi Еуропа лигасына қосылып, плей-офф кезеңiндегi тартысын поляктың “Легия” клубына қарсы айқаспен бастайды.
 
ЕКI КҮНДIК АЙҚАС
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) үшiншi маусымында жеңiске жетiп, ат басындай кубокпен қоса 500 мың АҚШ долларын иемденген “Астана арландары” клубының боксшылары мен осы жобаның биылғы жеңiмпазы Cuba Domadores (“Куба қабландары”) арасындағы айқас өтуi мүмкiн екенiн бұған дейiн жазғанбыз. “Күз мезгiлiнде өтедi деп межеленген жекпе-жек 9-10 қыркүйек күндерi Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде ұйымдастырылады” дедi WSB менеджерi Кәрiм Боузиди. 
 
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ.
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар