1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (15934) 5 тамыз, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 тамыз 2014
Головкинге “шал” да қарсы шыққысы келедi

Жасы елудi еңсерген америкалық Бернард Хопкинс (бес айдан кейiн Хопкинс 50-ге толады) жерлесiмiз Геннадий Головкинге қарсы айқас турасындағы ұсынысты қабыл алды деп жазды Boxingscene.com. Қартайғанда пенде шiркiнге дүние де, атақ та ыстық көрiнетiнiн Хопкинстiң әрекетi аңғартқандай.

Генаға дейiн Хопкинс ресейлiк Сергей Ковалевке қарсы айқасқа түседi. Қараша айында өтедi деп жоспарланған жекпе-жектен кейiн Бернард “ақсақал” салмағын жеңiлдетiп, Головкиннiң шама-шарқын байқап көргiсi келетiнiн аңғартыпты. Жартылай ауыр салмақта (79,378 келi) әлемнiң таңдаулы боксшысы саналатын Хопкинс осы жылдың 20 сәуiрiнде қандасымыз Бейбiт Шүменовке қарсы айқасып, төрешiлердiң шешiмiмен еңсерген болатын. 
27 шiлде күнi АҚШ-та австралиялық Дэниэль Гильдi 3-раундта сабасына түсiрген Геннадий Головкин келесi жорығына ендi екi-үш ай шамасында шығады. WBA һәм IBO тұжырымдарының чемпионы, кәсiпқой бокста 30 жекпе-жек өткiзiп, тiзерлеп көрмеген жерлесiмiздiң ендiгi “жемтiгi” кiм болары әзiрге белгiсiз.
Головкин WBA тұжырымының шiлде айындағы үздiк боксшысы атанды. 
 
ОНЫҢ ЖЕҢIСI ОТЫЗҒА ЖЕТТI!
Күнi кеше ғана футбол додасын өткiзiп, айдай әлемдi бiр ай бойы аузына қаратқан сонау Америка құрлығындағы Бразилия елiнiң жасыл алаңдарындағы жанкештi кездесу­лердiң ыс­тық-суығы басыла қойған жоқ. Ендi мiне,   Америка Құрама Штат­тарының Нью-Йорк қаласындағы шаршы алаңда талай жекпе-жектердiң куәсi болған әйгiлi Мэдисон Сквер Гарден кешенiнде былғары қолғап жанкүйерлерiнiң түн ұйқысын төрт бөлген сайыс өттi.
Үлкен-кiшiлi, iрiлi-ұсақты спорт жарыстарын құр жiбер­мейтiн ақын Аян Нысаналин де ұйқыдан тұрып, теледидар алдына жайғасыпты. Тағы бiр-екi жолдастар хабарласып жатыр. Бұл таңғы сағат алты мен жетiнiң арасы едi. Бәрi де рингке иығына қазақтың ою-өр­нектi зерлi шапанын жамылып шығатын Геннадий Головкин баламыздың мерейiнiң бұл жолы да үстем болуын тiлеуде. Генаның осынау ерекшелiгiн Ресейдiң РТР телеарнасының спорт шолушылары да байқап, “Вот на ринг выходит казахстанский боксер Геннадий Головкин в своем традиционном казахском шапане с орнаментом” деп атап көрсеттi.
Қазақстанның атақты боксшысы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл жолы Австралияның үкiле­ген үмiтi 33 жасар Дэниель Гильмен айқасқа түсiп, өз атағын қорғады. Бұған дейiн шаршы алаңда 32 кездесу өткiзiп, соның екеуiнде ғана төрешi­лердiң шешiмiмен жеңiлдiге саналған Дэниель Гиль де осал қарсылас емес екенiн спорт мамандары жан-жақты жариялап жатты. Головкиннiң атақты Дэниель Гильге қарсы жекпе-жегi бiрде-бiр рет жеңiлiп көрмеген жерлесiмiздiң 30-шы
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар