1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (15934) 5 тамыз, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 тамыз 2014
Спорт ақпарат

ЗАРИНА – БIРIНШI РАКЕТКА

Қазақстандық теннисшi Зарина Дияс елiмiздiң нөмiрi бiрiншi ракеткасы атанды. Теннистен әйелдердiң әлемдiк ассоциациясының рей­тингiнде (WTA) өзiнiң 53-орнын сақтап қалған Заринадан өзге бiздiң теннисшi қыздарымыз рейтингте жоғары тұрған жоқ. Мәселен, бұған дейiн Қазақстанның үздiк теннисшiсi деген атқа ие болып келген Ярослава Шведова екi сатыға төмендеп, 54-орынды мiсе тұтты.
Жиырма жастағы Зарина биыл екi бiрдей “үлкен дулыға” санатындағы сайысқа қатысып қана қоймай, жоғары нәтижеге қол жеткiздi. Теннистен Австралия ашық чемпионатында үшiншi айналымға дейiн жетсе, Уимблдонда (Англия) 8/1 финалдан қайтты. Iрi сайыстарда жоғары нәтиже көр­сеткенiнiң арқасында Қазақстанның нөмiрi бiрiншi ракеткасы деген атқа ие болды.
 
 
АВТОГОЛДЫҢ АРҚАСЫНДА...
Өткен жексенбiде футболдан премьер-лиганың 22-тур ойындары өттi. Талдықор­ғанда “Жетiсу” мен “Астана” тартысқа түсiп, есеп ашыл­ған жоқ. Бұлар биылғы ел бi­рiншiлiгiнде бұған дейiн де тоқайласып, итжығыс түскен-дi.
Шымкенттiк “Ордабасы” өз алаңында қызылордалық “Қайсарды” әупiрiммен жең­дi. Ойынның 10-минутында Кляйн өз қақпасына автогол соқпағанда, қызылордалықтар ұпай бөлiсер ме едi. Тәжiмбетов 33-минутта нәтиженi еселеп, алаң қожайындары алға оз­ған. Қонақтар сапынан Алтынбеков 89-минутта есеп айырмасын қысқартты да, ойын 2:1 нәтижесiмен “Ордабасы” пайдасына шешiлдi.
“Атырауға” қонаққа барған алматылық “Қайрат” ойыншылары “мiнез көрсетiп”, 0:3 есебiмен жеңiске жеттi. Гоу 23-минутта есеп ашса, Абдулин 83-минутта автогол соғып, қонақтардың ұзап алуына “мүмкiндiк туғызды”. Үшiн­шi голды Дарабаев 90+3-минутта тоғытты.
Семейлiк “Спартак” қостанайлық “Тобылды” қабылдап, ұтылды. Йеслинектiң 43-минутта соққан голынан соң қонақтар басымдыққа ие бол­ған. 71-минутта Йованович пенальтиден таразы басын теңшегенiмен, қостанайлықтар Геневтiң 87-минутта соққан голы арқасында үш ұпай олжалап қайтты.
Қарағандылық “Шахтер” өз алаңында павлодарлық “Ертiспен” ұпай бөлiстi. Дудченко 46,79-минуттарда гол соғып, павлодарлықтар алға озған соң “Шахтердiң” бас бапкерi Виктор Кумыков шабуыл шебiн күшейттi. Нәти­жесiнде, Топчагич – 82, Вичюс 86-минутта гол тоғытып, жанкүйерлерi алдында әрiп­тестерiн абыройсыздықтан құтқарып қалды.
Топ басындағы “Ақтөбе” “Тараз” ойыншыларын тiзер­леттi. Гол соғушы – Арзуманян (32-минутта) мен Хайруллин (43-минутта).
 
КҮШТIЛЕРГЕ ҚОСЫЛАДЫ
Волейболдан қыздар арасында әлемдiк гран-придiң соңғы ойы­нын Чехияның Брно қаласында өткiзген елiмiздiң қыздар құрамасы чех бойжеткендерiнен аса алмады. Үш сетке созылған ойында 25:15, 25:20, 25:21 есебiмен Чехия қыздары жеңiске жеттi. Осы ойынға дейiн бiздiң қыздар Алжир, Мексика, Австралия құрамаларын ұтқандықтан, үшiншi дивизионның “төрттiк финалына” өттi. Ендi Болгария, Чехия, Хорватия волейболшыларын жеңер болса, келер жылы мықтылар айқасатын екiншi дивизионда бақ сынауға мүмкiндiк алады.
Балуандар белгiлi
Ресейдiң Челябi қаласында 25-31 тамыз аралығында дзюдодан әлем бiрiншiлiгi өтедi. Бас бапкер Ермек Имамбеков бастаған бапкерлер құрамы әлем чемпионатына баратын бал­уандарды нақтылады. 60 келiде Айбек Имашев пен Еркебұлан Қосаев, 66 келiде Елдос Жұмақанов, Жансай Смағұлов, Сергей Лим, 73 келi салмақта Ертуған Төренов, 81 келiде Ринат Ибрагимов, 90 келiде Есен Самат пен Руслан Әбдiразақов, 100 келiге дейiнгi салмақта әлем чемпионы Максим Раков пен Әдiлхан Қозыбаев бар.
Әлем чемпионатына әр елдiң бапкерлерi тек тоғыз спортшыдан ғана қоса алады. Демек, Челябiге жүргенге дейiн тiзiмге iлiнгендердiң арасында өзгерiс болары анық.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар