1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15922) 19 маусым, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 маусым 2014
Спорт ақпарат

ХАЛКТЫ IЗДЕГЕН ХАЛЫҚҚА

Бразилия мен Мексика ойынына шабуылшы Халк қосылған жоқ. Шабуыл­шыны iздеген жанкүйерлерге Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкерi Луис Фелипе Сколари жарақатына байланысты Мексикаға қарсы салмағанын айтты.
Ал Халк керiсiнше, ойынға сақадай-сай әзiр болған екен. “Мен жарақатымды емдеп, ойнауға әзiр едiм. Бiрақ Сколари осылай ұйғарса, көнбеске шара қайсы? Бас бапкердi құрметтеу керек. Ойын аса қырқыспен өттi, бiздiң жiгiттерге бiрнеше мәрте гол соғудың орайы келдi. Соған сай қарсы жақтың қақпашысы асқан шеберлiкпен құрамасын жеңiлiстен құтқарып қалды” дедi Халк.
Халк пен бас бапкердiң қарым-қатынасы тонның iшкi бауындай емес секiлдi. Оны Сколаридiң: “Мен әлем чемпионатына 23 футболшы алып келдiм, Халктың орнына басқа ойыншыны қосу мен үшiн мәселе емес”, – дегенiнен аңғарғандай болдық.
 
ЖАЛҒЫЗСЫРАЙТЫН БОЛДЫ
Португалия құрамасының қорғаушысы Фабиу Коэнтрау Германияға қарсы ойында “тасыраңдап” алаңнан ерте кеткен-дi. Топтық кезеңнiң алғаш­қы ойнында саптан шығып қал­ған кiмге оңай болсын? Португалдық Record басылымы тiптi жаманат хабар таратты. Коэнтраудың жарақаты жеңiл емес көрiнедi. Алғашында 10 күн доп тебуге болмайды деген Фабиудiң денсаулығын тексерген дәрiгерлер футболшы әлем бiрiншiлiгiнiң қалған ойындарына қатыспауы мүмкiн дедi.
“Алтын доптың” иегерi, Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Фабиу қатарға қосылмаса, тiптi жалғызсырайтын болды. Мадридтiк “Реалда” ойнайтын үш футболшының бiрi Пепенiң әрекетi анау. Басбұзар тентек алғашқы ойында-ақ бүтiндей бiр елдiң құрамасының абыройын өз ашуына жығып бере салды.
 
ЖЕҢГЕНI ӨТЕДI
Бүгiн кешке Кот-д’Ивуар құрамасы топтық кезеңнiң екiншi ойынын Колумбия футболшыларына қарсы өткiзедi. Африкалықтардың бас бапкерi Сабри Лямуши әйгiлi Дидье Дрогба бұл жолы да 90 минут бойы алаңда болмайтынын айтады. Себебi жарақаты сыр берген футболшы бiр жарым
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар