1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (15922) 19 маусым, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 маусым 2014
Теңбiл доп жұмыр жердi төңкергендей

Әлем бiрiншiлiгiнен “Жас Алаш” газетiнiң арнаулы тiлшiсi Несiп Жүнiсбайұлы хабарлайды

“...Мен қартайған кезде жолықтың”
Қырғыздың осындай сөзге жа­зыл­ған бiр әнi бар. Сүйген жас сұлу қызына арналған ән. Менiң де сүйген өнерiм – футболыма айтар әнiм осындай. Футболдан әлем чемпионатына соңғы рет сонау 1998 жылы барған екенмiн. Франциядағы чемпионаттан берi 16 жыл сырғып өтiптi. Одан бергi чемпионаттарға бармадым, бара алмадым, барғызбасым барғызбады. Мiне, Бразилиядағы әлем чемпионатына “кәрi сүйегiмдi” сүйретiп жеттiм. Бұл да менiң махабатым едi. Маған да “қартайғанда жолықты” бұл Бразилиядағы доп додасы. Бiрақ күндiз есiмде, түнде түсiмде көрген футболым емес пе, тәуекел дедiм де тартып кеп кеттiм. Жер түбiндегi Бразилияға жету қайдан оңай болсын. Бар жағынан. Азаматтар қол ұшын бердi. Бәрiне рақмет. “Жас Алашым” (кезiнде осы газетте – “Лениншiл жаста” жалындаған жылдары 17 жыл қызмет iстеп едiм) өз бетiн айқара ашып, сол жылдардағыдай репортаждар жазуыма мүмкiндiк бердi. Ендi не тұрыс бар? Шабатын болсам, бұдан асқан бәйге жоқ. Шаба алмасам маған серт!

...Бразилияға кетерде балаларым да маған сұрақ тастады. “Әке, жол алыс, бөгде ел, бейтаныс жер, дү­ние­нiң екiншi бөлiгi, денсаулық та бұрынғыдай

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар