1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15916) 29 мамыр, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
29 мамыр 2014
Спорт ақпарат

АДАМНЫҢ БАБЫН ТАБУ ОҢАЙ МА?

Бразилияға келетiн футболшылардың ұйымдастырушыларға қояр талабы да жоғары.   Мәселен, Жапония құрамасының футболшылары әркiмнiң жуынатын бөлмесiнде гидромассаж құрлығысы орнатылса дептi. Алжирлiктер әр бөлмеде қасиеттi Құран тұрса деген өтiнiш айтса, француздар сұйық сабынды пайдаланатынын, эквадорлықтар Бразилияға барғаннан қайтқанға дейiн банан жеудi үзбесек деген өтiнiшiн жеткiзген. 
Португалия құрамасын алты оққағар күзетсе, солардың төртеуi Криштиану Роналдуды, қалған екеуi бүтiндей бiр құраманың қауiпсiздiгiн бақылайды. 
 
БАПКЕРДIҢ БӘРI АТАҚТАН ДӘМЕЛI
Бразилиядағы әлем бiрiн­шiлiгiне 32 құраманы бастап келген 32 бапкердiң iшiнде бұған дейiн әлем чемпионы деген атақты шәкiрттерiне алып бергенi екеу-ақ. Лиус Фелипе Сколари Бразилия құрамасын 2002 жылы Оңтүстiк Корея мен Жапония тiзе қосып өткiзген әлем бiрiншiлiгiнде шыңға шығарса, Висенте дель Боске испандықтарды 2010 жылы Оң­түстiк Африка Республикасында жеңiске жеткiздi.
 
КУБОКТЫ ҰСТАП КӨРМЕГЕНДЕР КӨП
Бразилиялықтар бес рет әлем чемпионы атанса, ФИФА кубогын 4 рет Италия құрамасы, 3 рет – Германия, 2 рет – Уругвай мен Аргентина құрамалары ие­ленсе, әлем чемпионы деген атақты Испания, Англия һәм Франция футболшылары      1 рет олжалады.
 
ЖАНБАҒЫСТЫҢ ҚАМЫ ҮШIН
Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкерi Луис Фелипе Сколари Роналдиньоны құрама сапына қосқан жоқ. ФИФА қатарынан екi рет 2004-05 жылы әлемнiң үздiк футболшысы деп марапаттаған, 2002 жылы Бразилияның әлем чемпионы атануына толайым үлесiн қосқан 34 жастағы футболшы биылғы аламанда төбе көрсетпейдi. Есесi­не, Роналдиньо Рио-де-Жанейродағы зәулiм үйiн әлем чемпио­наты уағында жалға бермек. Фейсбук әлеуметтiк желiсiндегi парақшасына Роналдиньо “Бес жатын бөлмесi бар үйiмдi жалға алушылар әр түнеп шыққан әр күнi үшiн 9 мың фунт төлеуi қа­жет” деп жазды.
Дайындаған Қуаныш Бажақ.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар