1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15915) 27 мамыр, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 мамыр 2014
“Қазақстан барысында” алыптардың әншiлiгi емес, балуандығы сыналады

Алматыда Президент Н.Назарбаевтың жүлдесi үшiн биыл төртiншi мәрте өткiзiлетiн “Қазақстан барысы” республикалық турнирiнiң финалына қатысатын 33 балуанды таныстыру рәсiмi өттi. Ауыл-аудан мен облыстық iрiктеу кезең­дерiнен өткен апайтөс, атан жiлiк түйе балуандар көрермендер алдында өз өнерлерiн көрсетсе, ұйымдастыру алқасы биылғы доданың өзгерiстерi жөнiнде әңгiме өрбiттi.

Ең алдымен балуандардың қатарында нендей өзгерiстер барынан бастасақ. Биыл “Қазақстан барысы” атағын тұңғыш иеленген қызылордалық Ұлан Рысқұл iрiктеуден өте алмағандықтан, финалдық айқасқа қатыспайды. Есесiне, осынау атақты 2012 жылы олжалаған жамбылдық Бейбiт Ыстыбаев пен былтыр жеңiске жеткен шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров қатарынан төртiншi рет күреске түспек. Алыптар арасындағы дүбiрге алғаш қосылатын жас балуандар да бар.

“Қазақстан барысы” қазақ күресiн дамыту қоры қамқорлық кеңесiнiң төрағасы Арман Шо­раев балуандарды ынталандыру мақсатында жылдан-жылға түрлi амал-шарғы қолға алынатынын баса атап өттi. “Ақпан айындағы теңгенiң құлдырап, өзге валютаның шарықтауы жобаның Материалдың толық нұсқасын газет бетінен немесе электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар