1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 сәуір 2014
“Тiсiнiң төртеуi опырылып, екеуi сынған”

Тайпейде өткен жасөпiрiм­дер арасындағы әлем чемпионаты өзге балалардың есiнде қалмауы мүмкiн, ал алматылық Рахым Әдiлханның көкейiнде ұзақ сақталары сөзсiз. Себебi Тайпейге жолы түскенiмен, татамиге табаны тиген жоқ. Әлем бiрiншiлiгiнiң басталуына санаулы күн қалғанда Рахымның алты тiсiн ұлттық құрама мүшесi Ринат Қуанышбаев “қағып алыпты”. Сол себептi Қытай дәрiгерi Рахымды әлем чемпионатына қосудан бас тартқан.

Әйтеуiр банкир Вячеслав Ким басқаратын елiмiздiң таеквондо федерациясын соңғы уақытта   дау үйiрсектеп жүр. 
Тайпейдегi төбелестiң неден тұтанғанын таеквондошы Рахымның анасы айтып бердi. 
– Не болғанын бапкерлер де, балам да, қасындағы спортшылар да бүге-шiгесiне дейiн айтпай отыр. Менiң балам қо­нақүйдiң 6-қабатынан орын ал­ған, баламды ұрған тараздық   спортшылар төменгi қабатқа жайғасыпты. Сөздерiнен ұқ­қаным, бұлар бiр-бiрiмен ұялы телефондағы “WhatsApp” әлеу­меттiк желiсi арқылы сөйлескен. Өзара қалжың айтысып, қажасыпты. Артынша әлгiлер баламның бөлмесiне келiп “әзiлдерiн” әрi қарай жалғай түспек болған. Сол уақытта бiреуi әй-шайға қарамастан Рахымның жағынан салып кеп қалады. Астыңғы екi тiсi түсiп, үстiңгi иегiндегi күрек тiстiң төртеуi түбiнен опырылып кеткен. Қытайлық дәрiгерлер күрек тiстерiн азуына темiр ар­қылы байластырып берiптi. Тiлi­мен қозғаса, ары-берi ырғалып тұр. 
Бұлардың сойқанды бiрлесiп, алдын ала ақылдасып iске асыр­ғаны ашындырады. Күн сайын бұзықтық жасаған балалардың ата-анасы, бапкерлер кешiрiм сұрап есiгiмнiң алдында келедi. Ал таеквондо федерациясынан ешкiм келiп кешiрiм сұраған да жоқ, “тiсi сынса – жақ iшiнде” дегендей тым-тырыс.   Мен прокуратураға арыз жаздым, ақ-қарасын заң органдары анықтайды.
Рахымның қазiр ештеңеге зауқы соқпайды, тiс дәрiгерiне апарсам, астыңғы тiстерiнiң тағы бiреуi шытынаған да, iрiң­деп “свищке” айналып кетiптi. Жарақатынан құлан-таза айығу үшiн ұзақ емделуi қажет. 10-сыныпта оқитын балам әлем чемпионатына барамын деп жыл басынан берi құрамамен бiрге оқу-жаттығу жиынында жүрдi, мек­тебiне бармай, оқу бағдарламасынан да қол үздi. Биылғы оқу жылының аяқталуына да аз қалды. Не iстерiмдi бiлмеймiн, – дейдi Рахымның анасы Гүлнар Сағымжанова.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар