1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 сәуір 2014
Сәтсiздiктен өрiлген сабау қамшы

ҚАТЕЛIКТI ҚАЗIРДЕН ТҮЗЕУI КЕРЕК

“Болғанынан боладысы қызық” ХХII қысқы Сочи олимпиа­дасының да тарихтың қатпарына кеткенiне айдан аса уақыт өттi. Жаратушы пешенемiзге қысқы олимпиада ойындарын тамашалауды жазыпты. Орыстар күреп тастап қайта тұрғыз­ған Сочиде төртжылдықтың аламан бәйгесiн көрiп, өзiмiзге емес, өзгенiң саңлақтарына сүйсiндiк. Серкелердiң қарсылас­тарынан қара үзiп шығып, жалғыз өзi бүтiндей бiр мемлекеттiң атағын аспандатқанын көргенде өзегiмiздi өрт қарып өткендей күйге түстiк. Бөтеннiң буырқанған мiнезi мен өзiмiздiң осалдығымызды ой елегiне салған сайын есемiздiң талайға кеткенi опындырады.
Беларусьтiң биатлоншы қызы Дарья Домрачева бiр өзi Сочи олимпиадасының үш алтын медалiн он миллионға жетеғабыл беларусь халқының қанжығасына   бөктерiп бергенi көз алдымызда өрбiгенде, осындай саңлақ баптай алмағанымызға өкiндiк. Бiздiң Елена Хрусталева бастаған спортшыларымыз көмбеге қою шаңның арасында жетiп, ұнжырғамызды одан бетер тү­сiрiп жiбердi. “Елуден аса спорт­шы қостық деп күпiнгенше, Дарьядай дараның өзiн ғана дүбiрге әкелген жөн бе едi”, – деген де ой туды сол сәтте. 

Сочи олимпиадасында шорт-тректен топқа түскен спортшыларымызға айды аспанға шығаруға орайлы сәт туды. Босағаға қонғалы тұрған бақты сор үркiттi деген осы шығар, Мәдiғали Қарсыбеков баптайтын шорт-трек құрамасына олимпиаданың ке­мiнде қола жүлдесiн уысқа түсiру мүмкiндiгi туды. Көзiмiзбен көрдiк, жiгiттер iрiктеу сынынан iркiлмей тек үздiк бес құрама ғана қатысатын финалдық айқас­қа өткеннiң өзiн малданғандай сезiлдi. Әйтпесе, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиевтер тiзе қосып жүгiруде жанын салғанда, сөзсiз жүлдегер атанар едi. Жарыс бас­талған сәттен-ақ Алла бiздiң спортшыларға жар болды. Өйт­кенi төрешiнiң белгi беруi сол едi, құйындай үйiрiп соғатын Корея мен Нидерландының шорт-трекшiлерi шалынысып Материалдың толық нұсқасын газет бетінен оқи аласыз

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар