1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15898) 27 наурыз, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 наурыз 2014
Ғасыр бұрынғы рекорд

816 КЕЛIНI ҚАЗАҚТАН ӨЗГЕ ЕШКIМ КӨТЕРГЕН ЕМЕС

Биыл даңқты балуан, әншi Нұрмағанбет Баймырзаұлының (Балуан Шолақ) туғанына 150 жыл толады. 52 жыл ғұмыр кешкен Балуан Шолақ 14 жасынан бал­уандық өнердi меңгерiп, белдесуге түскен.
Бүгiнде бiз аузымыздың суы құрып, тамсана қарайтын кас­кадерлердiң өзi орындай алмайтын трюктердi Баймырзаның өнерлi баласы бозбала шағында-ақ ел алдында көрсеткен. Шауып бара жатқан аттың үстiнде тiкесiнен тiк тұру, ердiң үстiне басымен тұрып, аяғымен көк тiреу, аттың бауырынан жылдам өту сынды цирк өнерiн шебер меңгерiп, көпшiлiктi тәнтi еткен балуанның биылғы 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтсе, қандай жарасымды.
Балуан Шолақ орыстың атақты балуаны Иван Кореннiң жауырынын жер иiскетiп қана қоймай, қабырғасын күтiрлетiп сындырып жiберген. Оны өзiнiң “Сентябрь” атты өлеңiнде былай баяндайды:
 
“Бұл күнде жиырма бесте менiң жасым,
Қамалдың бұзар кезi тау мен тасын.
Кешегi сентябрьдiң базарында,
Көтердiм елу бiр пұт кiрдiң тасын.
Жиылып орыс, қазақ таңғалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпiс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын...”.
 
Балуан Шолақтың 25 жасында көтерген елу бiр пұт кiр тасы – 816 келi.
2000 жылы Алматыдағы “Дос­тық” спорт кешенiнде қазақ күресiнен түйе балуандар арасында республикалық сайыс өттi. Сол жарыста Балуан Шолақ көтерген 816 келiнi зiлтемiрге салып ортаға шығарды. Ұйымдастырушылар кiмде-кiм 816 келiнi орнынан қозғап, жерден көтерсе, автокөлiк олжалайтынын айт­ты. Сонда тәуекел деп белiн шарт буынған бiраз жiгiттер шығып, зiлдей ауыр темiрдi көтеру былай тұрсын, орнынан қозғай алмаған-ды. Егер Балуан Шолақ бiздiң заманымызда өмiр сүр­генде өзiнiң көтерген тасын қайта еңсерiп, жүлдеге тiгiлген автокөлiктi өзi мiнер ме едi. Кезiнде Балуан Шолақ бабамыздың көкпарға серке емес, тайынша тартқаны 
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен оқи аласыз
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар