1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
25 ақпан 2014
Спорт ақпарат

ҚАЙ ҚАЗАН БОЛМАСЫН БҰРҚ-САРҚ ҚАЙНАТАДЫ

2016 жылы Францияда өтетiн футболдан Еуропа чемпионатының жеребесi тартылды. Екi жылдан кейiнгi құрлық бәйгесiне қатысу мүмкiндiгi үшiн бiздiң елдiң де футболшылары тартысқа түседi.
Ницца қаласындағы жеребе рәсiмiнен кейiн Юрий Красножан баптайтын футболшылар “А” тобында Голландия, Түркия, Чехия, Исландия және Латвия құрамаларына қарсы ойнайды. Жiгiттер iрiктеу кезеңiндегi алғашқы ойынды 9 қыркүйекте өзiмiзде өткiзiп, қонаққа келетiн латыштарды қабылдайды.
Жiгiттердiң жүрегiн түрiк футболшылары бұрында-ақ алып қойған. Бiз үшiн голландықтар, чехтар һәм исландиялықтар мүлде бөтен. Бұған дейiн бұл үш елдiң ұлттық құрамасымен жолымыз түйiскен емес. Нидерланды құрамасы – Еуропа чемпионатын былай қойып, әлем бiрiншiлiгiне де қатысып жүр. Iрiктеу сынында iрiлiк танытып, финалға дейiн де жеткен. Өте тегеу­рiндi. Чехтар шамырқанса талайды тәубесiне түсiретiн құрама екенiн соңғы 20 жылда дәлелдеп келедi. Әсiресе, Еуропа чемпионатына үздiксiз қатысып, 1996 жылы күмiс жүлде алды, 2004 жылғы чемпионатта да мiнез көрсеткен. Түрiктер­мен бұған дейiн де тартысқа түсiп, есе жiбергенiмiз есiмiзде. Халқының саны 2 миллионнан сәл асатын латыштардың футболдағы еңбегi   бiздi он орайды. 2004 жылы Португалия да өткен Еуропа чемпионатының жолдамасы үшiн тартыста өз тобынан екiншi орынмен шығып, жолдама үшiн Түркия құрамасын тұсаған да – осы латыштар. Еуропа чемпионатына қатысып, немiс­тер­мен де тең түскен. Исландиялықтар да iрiлiк танытуы ғажап емес. Ендеше, қай құраманың қазанына түссек те, бұрқ-сарқ қайнатары сөзсiз.
 
ҚОЛДА – КҮМIС ЖҮЛДЕ
Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдiк гран-при турнирi өтiп, елiмiзден барған спортшылардың арасынан тек Максим Раков күмiс жүлде иелендi. 100 келiге дейiнгi салмақта белдескен әлем чемпионы финалға дейiнгi қарсыластарын жыққанымен, ақтық ай­қаста бразилиялық Лучано Корреаға қарсы белдесуден бас тартты. Сөйтiп, гран-при сайысының күмiс жүлдесi бұйырды. Қола медальдi Бейжiң олимпиадасының чемпио­ны моңғол Тувшинбаяр Найдан мен тағы бiр бразилиялық Рафаэль Бузакарини бөлiстi.
Өзге қыз-жiгiттердiң iшiнде Елдос Сметов, Рустам Ибраев және Дастан Ықыбаев 5-орынды қанағат тұтты.
 
ТҮТIП ЖIБЕРДI
Бүкiләлемдiк бокс се­рия­сының биылғы маусымындағы кезектi жеңiлiсiне “Астана арландары” Кубада ұшырады. Жеңiлгенде де iрi есеппен есе жiбердi. Сергей Корчинский кубалықтарға қарсы салған бес оғланның үшеуi – азу тiсi әлi қатая қоймаған “бөл­тiрiк”. Яғни, бүкiләлемдiк бокс сериясының сынына алғаш рет түсiп отыр.
49 келiде Темiртас Жү­сiпов әлем чемпионатының жүлдегерi Йосвани Вейтиадан жеңiлсе, 56 келiде Бағдат Әлiмбеков Маркос Форесталға есе жiбердi. 64 келi салмақта алғаш рет “арлан” боп көрген Руслан Мәдиев Ясниер Толедодан, 75 келiде Ерiк Әлжанов Рамон Луистан ұтылды. 91 келiде Арбек Абдуғаниев “арландар” намысын қорғаған алғашқы сайысында Ерисланди Савонның сабауына тап болды.
 
САЛМАҚ ӨЗГЕРДI
Биыл 17-мәрте дүркiрейтiн жазғы Азия ойындары 19 қыр­күйек пен 4 қазан аралығында Оңтүстiк Кореяның Инчхон қаласында өтетiнi белгiлi. Осы төртжылдық додада еркiн, әйелдер және грек-рим күресiнен сынға түсушi балуандар жаңа салмақ дәрежесi бойынша күреседi.
Азия күрес федерациясы осы жаңа салмақты жария еттi. Грек-рим күресiнiң шеберлерi 59, 66, 71, 75, 80, 85, 98 және 130 келi салмақта күрессе, еркiн күрес шеберлерi 57, 61, 65, 70, 74, 86, 97, 125 келi яғни, сегiз салмақ өлшемi бойынша сынға түседi. Қыздар 48, 55, 63, 75 келiде белдеседi.
2010 жылы Гуанжоу (Қытайда) өткен жазғы Азия ойындарында балуандардың арасында Нұрмахан Тiнәлиев (грек-рим, 120 келi) пен Елена Шалыгина (63 келi) топ жарған болатын. Тағы бiрнеше балуан Азия ойындарының күмiс, қола жүлдесiн иеленген едi.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар