1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
25 ақпан 2014
Сөзiмiз семiз, iсiмiз...

ҚАР ДА СЫЛТАУ СЫНЫҚҚА

ХХII қысқы олимпиада ойындары да тарих қойнауына кеттi. Ресейлiктер бүтiндей бiр қаланы қыздың жиған жүгiндей жасандырып, сән-салтанатын асыра әсемдеп қайта түлетiп, әлем алдында мейманасын бiр тасытты. Сочидегi аламан басталар алдында ресейлiктер жалпыкомандалық есепте топ жаруды межелеп едi, спортшылар сенiм үдесiнен шығып, 13 алтын, 11 күмiс, 9 қола медальмен көш алдына шықты.
Қысқы олимпиада ойындары ең алғаш 1924 жылы Францияның Шамони қаласында ұйымдастырылғаны белгiлi. Содан берi Сочиге дейiнгi 90 жыл iшiнде 22 рет өттi. Осы жиырма екi қысқы олимпиада ойындарында бұрын­ғы СССР құрамасы алтын ме­дальдi көсiп алуда ешқандай елдi алдына түсiрмеген едi. Сол көрсеткiштi Ресей спортшылары Сочиде қайталады.
Ал бiздiң құрама 52 спортшысын қосып, жалқы жүлде – қоланы қанағат тұтты. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен тегеурiн­дi болмағанда жерге қарағандай екенбiз.
Елден барған делегация құ­рамындағы спортшыларды қайдам, бәрiнен де ҚР спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiн тiзгiндеп отырған Тастанбек Есентаевтiң еңсе тiктеуi қиынға соғатын шығар. Өйткенi ол осы қызметке тағайындалғанына көп уақыт өтпей-ақ семiз сөйлеген едi. Дүйiм ел Есентаевтың өткен жылдың желтоқсанындағы тәп-тәттi сөзiнiң дәмiн әлi ұмыта қойған жоқ. Ел алдында агенттiк басшысы: “Бiз қалайда 20-23-орынға тұрақтауымыз қажет, спортшыларға кемiнде екi медаль иелену жүктелдi”, – деген-дi. 2010 жылы Ванкуверде өткен қысқы олимпиада ойындарында жеңiп алған күмiс жүлде бiз үшiн олқы соғатынын, Сочиде нәтиже­мiз­дi жақсарта алатынымызды айтып, дәме дегендi зорайтып қойған сонда, нәтиже мынадай.
Сенiм артқан серкелерiмiздiң бiрi де сәтсiздiгi үшiн қарды қауып өкiнгенiн көре қойғамыз жоқ. Өкiнгенiңiз не, бiр жыл бұрын дәл осы Сочиде өткен әлем чемпионатында жеңiске жеткен Денис Кузин 1000 метрге жүгiрушiлер арасында 7-орын алды. Сонда ол бүй деген: “Маған сын айтушылар мұз айдынына шығып, қалай жүгiрiп, жеңiске жетудi үйретсiн!”. Әлем чемпионы айтатын сөз бе? Егер олимпиада алдындағы дайындық дұрыс өтпесе, қаражат қолбайлау болса, жоқтық жолын бөгесе, неге айтпайды? Былтыр әлем чемпионы атанғанда Кузинге екiнiң бiрi қол жеткiзе алмайтын баспана да берiлмеп пе едi?
Шаңғышы Николай Чеботько Сочидiң ақ жамылғысы – қарына кiнә артты. “Ауа райы тым жылы болғандықтан қар қыстағы сияқты емес, бiздiң көктемдегiдей жұмсарып кеттi”. Чеботько Николай Полторанинмен тiзе қосып командалық спринтте сегiзiншi орын алғанда осылай дедi. Және Олимпиада ойындарына анау айт­қандай дайындықпен кел­меге­нiн де бүгiп қалған жоқ. Сонда деймiз-ау, төрт жылда бiр келе­тiн олимпиада ойындарына “жарау аттай” әзiрленудiң орнына қызық қуып уақыт өт­кiзген бе?
Спортшылардың iшiнде фрис­тайшылар Финляндияда, шаңғышылар Италияда жаттығу өткiздi. Тiптi шаңғы майлауды бiлмейтiн бiзге майды қалай жағу керегiн де сырттан келген мамандар үйреттi.
Бiр өзiне алабөтен көңiл бө­лiнiп, көптiң арасынан ерекше күтiм көрген Алексей Полторанин күнi бұрын тон пiшкiш Infostrada талдау орталығының болжамын быт-шыт еттi. Осынау орталық Сочиде ел намысы үшiн бәйгеге түсетiн спортшылардың қарым-қабiлетiн бағамдап, Полторанин 15 шақырымдық сайыста олимпиада чемпионы атанады деп көңiлiмiздi көкжиекке тiреп едi, Алексей аламанды 9-орынмен аяқтады. Сочидегi соңғы сайыс 50 шақырымдық бәйгеге Алексей Полторанин қатысқан да жоқ.  
Спортшыларымыз 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде, 2006 жылы Туринде өткен қысқы олимпиада ойындарында түк өндiрмей аман-есен келгенiнiң өзiне тәубе дескенбiз. Сочи олимпиадасына бiрен-саран қазақ баласының да қатысып қайтқанын қанағат етемiз де ендi.
Қош, қысқы олимпиада ойындары өттi де, кеттi. Ендi 2018 жылы Оңтүстiк Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы аламан ұйымдастырылады.
Қ.КӨШЕК,
Алматы қаласы.
 
Сочи олимпиадасының жалпыкомандалық есебi
 
 
Құрметтеп қарсылады
Кеше Алматы әуежайында Сочи олимпиадасының қола жүлдегерi, мәнерлеп сыр­ғанаушы Денис Тендi туыс-туғаны, дос-жарандары мен жанкүйерлерi салтанатпен қарсы алды. Көпшiлiк алдында өз ойын тар­қатқан спортшы Сочидегi табыс тынымсыз еңбектiң арқасында келгенiн айтты.
“Былтыр әлем чемпионатының күмiс жүлдесiн иелеген соң ба, жанкүйерлер менен жүлде күттi. Қысқа бағдарламада аса тәуiр нәтиже көрсетпегенiммен, еркiн бағдарламада кеңiнен көсiлдiм. Жүлдеге таласар алдында конькиiмнiң бiрi сынып қалды да, екi түрлi өлшемдi конькимен айдынға шығуға тура келдi. Кейiн аяғымдағы бiрi ұзын, бiрi қысқа конькидi көрген спортшылар шалқасынан түсе жаздады. Былтыр әлем чемпионатына қатысарда да өкшем ойылып қалған едi, бұл жолы конькиiм сынды. Бiз мұның бәрiн жақсылыққа баладық”, – деп жымиды Тен. Ол ендi наурызда өтетiн әлем чемпионатына қатысуды көздейдi, бiрақ бару-бармауы нақты емес. Өйткенi олимпиадаға жүрер алдында жабысқан жарақатынан әлi жазыла қоймапты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар