1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15887) 20 ақпан, бейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
20 ақпан 2014
Сочи-2014

СҰРЫПТАУДАН СҮРIНДI

Шорт-тректен сайысқа шыққан Инна Симонова 1000 метрге жүгiруде ширек сынға өте алмады.
Ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев пен Айдар Бекжановтың жолы болмады. 500 метр­ге жүйткiгендер арасында екi спортшымыз да ширек финалдық сынға қатысу мүмкiндiгiнен қағылды.
 
ЕЛЕКТЕН ӨТПЕДI
Сноуборд спортынан Сочиге жалғыз спортшымыз аттанған-ды. Валерия Цой алғашқы iрiктеу сынында сүрiнiп келесi кезеңге өте алмады. Сайысқа қатысқан 32 атлеттiң iшiнде Цой 23-орынға тұрақтады. Ендi ол 22 ақпанда тағы бiр шеберлiгiн сынап көредi.
 
МҮМКIН ЕДI
Сочиде конькишiлер 10 шақырымға жүгiрiп, жүлде бiткендi голландиялық жүйрiктер олжалады.
Сайысқа шыққан жерлесiмiз Дмитрий Бабенко 14 атлеттiң арасында 12-сатыны мiсе тұтты. Ол 10 шақырымды 13 минут, 33,18 секундта жүгiрiп өттi. Сочи олим­пиадасының чемпионы атанған нидерландылық Йоррит Бергсма олимпиада рекордын жаңартты. 12 минут, 44,45 секундта көмбенi қиған Бергсма кезiнде бiздiң елдiң азаматтығын алғысы келген. Тiптi 2010 жылы Ванкувер олимпиадасына Йоррит Қазақ елiнiң атынан қатысуы мүмкiн едi. Алайда халықаралық коньки федерациясы шектеу қойды. Сол кезде бiздiң елдiң намысын қорғаса, Йорриттiң кешегi алтын медалi қанжығамызға байланар ма едi. Бергсма қазаққа сiңсе, олимпиада чемпионы атанғаны үшiн Астанадан үй, қымбат автокөлiк, оған қоса 250 мың АҚШ доллары көлемiнде сыйақымен марапатталатынын айтыпты. Ендi ол Отанына оралған соң Голландия билiгi алтын медалi үшiн 30 мың, ал 5000 метрге жүгiруде ұтып алған қола жүлде­сi үшiн 15 мың еуро ғана төлейдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар