1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15884) 11 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 ақпан 2014
Спорт ақпарат

ШАҢ ҚАУЫП ҚАЛЫП ЖАТЫР...

Сочи олимпиадасында әзiрге бiздiң спортшыларға медаль бұйырар түрi жоқ. Төрт жыл бұрын Ванкувер олимпиадасында Елена Хрусталева 7,5 шақырым қашықтықты 20:20:4 уақытта жүгiрiп өтiп, 5-орын алған едi. Бұл жолғысы тiптi ұят. Ол осы қашықтықты 57-орынмен аяқтады. Еленаның өкшесiн баса мәре сызығын 58-орынмен Дарья Усанова кессе, Галина Вишневская – 64, Марина Лебедева 73-сатыға тұрақтады.
Шаңғымен төменге құлдаған шаңғышылар арасында бiздiң де үш спортшымыз болған. Тәуiр көрсеткiшке қол жеткiздi деген Игорь Закурдаев уақыттан ұтылып, Сочи олимпиада­сын­да 33-орынды қол көрдi. Мартин Хубер де шаң қауып, 42-сатыны мiсе тұтса, Дмитрий Кошкин 43-орын алды.
Скиатлоннан 30 шақырым қашықты өндiрген спортшылар арасынан Алексей Полторанинге зор үмiт артқан едiк. Алайда Алексейдiң шамасы 16-орынға жеттi. Серкенiң өзi салын суға кетiрген жарыста өзге спортшыларымызға медаль қайдан бұйырсын. Медалiңiз не, алдыңғы жиырмалыққа да iлiне алған жоқ. Нәтиже мынадай:  Евгений Величко – 32, Сергей Черепанов – 49, Марк Старостин – 56-орын.
Әйелдер арасында Елена Коломина – 40, Анастасия Слонова – 41, Татьяна Осипова – 57-орынды мiсе тұтты.
Конькимен 5000 метрге жүгiруде Дмитрий Бабенконың нәтижесi 15-орын болды.
Биатлоншыларымыз да 10 шақырымға сприн­терлiк сайысқа шыққан. Өкiнiшке қарай төрт спортшымыз қою шаңға көмiлiп, көш соңында қалды. Сайысқа ұзын-ырғасы 87 спортшы қа­тысты, ел намысын арқалап аламанға қосылған спортшыларымыздың нәтижесiн көрiңiз: Ян Савицкий – 43, Сергей Наумик – 59, Антон Пантов – 80, Диас Кенешев – 87.
 
БҰЙЫРМАДЫ
Фристайлдiң могул түрiнен финалдық бәсекеге жолдама алғанда жанкүйер бiткен Юлия Галышевадан медаль дәметтi. 6 ақпан күнi өткен iрiктеу сынында 21,26 ұпай жинап, сайыс­ты 5-орынмен аяқтап, екiншi күнi де тәуiр нәтиже көрсеткенiмен 7-орын алып қалды. Медальға қол созым қалған соңғы сынға өте алмай, Сочи олимпиадасын 7-орынмен шектелдi. Осы сайыс­та тағы бiр жерлесiмiз Дарья Рыбалова iрiктеу кезеңiнен аса алған жоқ.
Фристайл – могулдiң алтын медалi канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан иеленсе, күмiс жүлде Жюстиннiң туған әпкесi Хлое Дюфур-Лапуанға бұйырды. Қола медаль Ванкувер олимпиадасының жеңiмпазы америкалық Ханна Кирнидiң қанжығасында кеттi.
 
ЖАППАЙ ЖЫҒЫЛДЫ
Парижде дзюдо күре­сiнен “үлкен дулыға” тур­нирi аяқталып, елiмiзден барған қыз-жiгiттердiң бәрi бiрiншi, екiншi айналымда аттарынан ауып, жанарымен жер шұқыды. Биыл­ғы жылдың маңызды сайысы саналатын турнирде 66 келi салмақта екi балуан сынға түсiп, тәжiрибе­сi толысқан Сергей Лим ресейлiк Михаил Пуляевтан ұтылса, Жансай Смағұлов та бiрiншi белдесуiнде жығылды. 73 келiде сынға түскен Ертуған Төренов Лондон олимпиадасының чемпионы ресейлiк Мансұр Исаевтiң илеуiнен құтыла алған жоқ. 100 келi сал­мақ­та Максим Раков ә дегеннен жапон Юсуке Кумасироға есе жiбердi.     
Татамиге шыққан екi спортшымыз сайысты қарқынды бастаған. 60 келiде Асхат Тельманов голландия­лық Микос Салиминендi ұтып, екiншi айналымда өзбек балуаны Шарафутдин Лутфилаевтан аса алмады. Ғабит Есiмбетов орыстың Беслан Мудранов деген спортшысын жеңiп, екiншi мәрте татамиге шыққанда, голландиялық Джероен Мооренға есе жiбердi.
Қыздарымыздың да нәтижесi осындай. Александра Подрядова (48 келi), Мариан Урдабаева (63 келi), Динара Құдарова (70 келi) бiрiншi белдесуде жарыстан шығып қалса, Айгүл Байқұлиева (48 келi), Альбина Амангелдиева (78 келi) екiншi айналымда сү­рiндi.
 
ДАРА ШЫҚТЫ
Бүкiләлемдiк бокс қауымдастығы (WBA) қаңтар айындағы рейтингiн түздi. Әр салмақтың серкелерi арасында Геннадий Головкин де бар. Орта салмақтағы әлем чемпионы қаңтар айының үздiк боксшысы атанды.
 
КӨҢIЛ ТОҚ, ЖҮЛДЕ ДЕ ҚОМАҚТЫ
Венгрияда жыл сайын бокстан “Иштван Боскай мемориалы” деп аталатын халықаралық турнир өтедi. Биыл бұл сайыс Дебрецен қаласында ұйымдастырылып, 20 елден келген жүзден аса боксшы медаль үшiн айқасқа түстi.
Елiмiзден барған боксшылардың бесеуi финалға жетiп, 52 келiде Әдiлет Құрметов, 56 келiде Ержан Ордабаев және 64 келi салмақта Асланбек Шымбергенов жеңсе, Ержан Жомарт (49 келi) пен Нұрдәулет Жарманов (81 келi) күмiс жүлденi мiсе тұтты.
Жалпыкомандалық есепте мажарлық боксшылар топ басына жайғасса, екiншi орын бiздiң жiгiттерге бұйырды. Азулы ресейлiктер үштiктi түйiндедi.
 
ТҰҒЫРҒА ТӨРТЕУI ШЫҚТЫ
Иранның Тегеран қаласында өткен “Тахти кубогында” елiмiздiң балуандары 1 алтын, 2 күмiс, 1 қола жүлде олжалады. 61 келi салмақта күрескен әлем чемпионатының қола жүл­дегерi Дәулет Ниязбеков турнир жеңiмпазы атанды. Финалдық сында (57 келi салмақта) Расул Қалиев кәрiс балуанынан ұтылды, 125 келi салмақта Дәулет Шабанбай ирандық алыпқа есе жi­берiп күмiс жүлденi мiсе тұтты. 65 келiде әлем бiрiн­шiлiгiнiң қола жүл­дегерi Дәурен Жұмағазиев жапон балуанын жығып қола жүлдегер атанды.
Дайындаған Қуаныш БАЖАҚ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар